ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!
Оқушылардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 2019/2020 оқу жылының көктемгі каникулы 16 наурыздан 05 сәуірге дейін өзгертілді. ІІІ тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау ( бұдан әрі - ТЖБ) 12-14 наурыз аралығында әр мектепте жоспарланған кесте бойынша өткізіледі. Сонымен қатар әр пән бойынша бір күнде өткізілетін ТЖБ саны 3-4 тен аспауы тиіс.
Типтік оқу жоспарына сәйкес үшінші тоқсанда ТЖБ тапсыратын пәндер
саны:
1 сыныптарда- 4
2 сыныптарда-5
3 сыныптарда-6
4 сыныптарда-6
5-6 сыныптарда- 7
7 сыныпта-10
8-9 сыныптарда - 11
10-11 сыныптарда- 10.
Школьникам шамадан тыс салмақ түсіруге рұқсат етілмейді.
Осы аралықта ұзақ уақыт денсаулығына байланысты босатқан оқушылар ТЖБ 4-тоқсанның басында Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы 509 бұйрығы негізінде жеке кесте бойынша тапсырады.
Каникул уақытында оқушылардың көпшілік орындарға бармауы, жеке бас гигиенасын қадағалау ұсынылады.