Оқушылардың кәсіптік бағдар бойынша аудандық өрт сөндіру бекетіне барғаны туралы мәлімет » Әл-ФарабиСредняя школа имени
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Әл-ФарабиСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72638) 31789
Версия для
слабовидящих
» » Оқушылардың кәсіптік бағдар бойынша аудандық өрт сөндіру бекетіне барғаны туралы мәлімет
25
февраль
2020

Оқушылардың кәсіптік бағдар бойынша аудандық өрт сөндіру бекетіне барғаны туралы мәлімет

5  ақпан күні Әл - ФарабиСредняя школа имени тің 9  А, 9 Ә, 9 Б сынып оқушылары Төле би ауылында орналасқан Өрт сөндіру бекетіне  экскурсияға барды.   Ол жерде оқушылар өрт сөндіру  бекетінің бастығы майор А.М. Абдикаликовпен кездесті.   Экскурсия кезінде оқушылар өрт сөндіру құралдарымен, ЗИЛ  -2  және  2019   жылы Ресейден шыққан Урал АЦ – 40  өрт сөндіру машиналарымен танысты,  Урал АЦ – 40   машинасынасының сыйымдылығы    5  тонна суды құрайды.  Күзет бөлімінің бастығы, лейтенант Еламан Болатұлы Саекеев оқушыларды  өрт қауіпсіздігінің ережелерімен таныстырды. Өрт кезінде қандай іс -әрекет жасау қажет екенін айтып, түсіндірді.  Өрт сөндіру бекетінің бастығы майор А.М. Абдикаликов   өз сөзінде оқушыларға  Қазақстанда  өрт сөндіру қызметкерлерін  тек Көкшетау Техникалық институты даярлайтынын айтып өтті. Экскурсия соңында Пашалиев Алим мен Ыбраш Омар болашақта өрт сөндіруші мамандығын таңдайтындықтарын айтты. Бүгінгі   өрт сөндіру бекетіне жасалған экскурсия екі оқушының болашақ мамандығын таңдауға көмектескенін көруімізге болады.