«Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты әдеби сазды кеш туралы » Әл-ФарабиСредняя школа имени
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Әл-ФарабиСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72638) 31789
Версия для
слабовидящих
» » «Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты әдеби сазды кеш туралы
06
февраль
2020

«Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты әдеби сазды кеш туралы

5 ақпан күні Әл - Фараби  атындағы орта мектепте Абай  Құнанбаевтың 175  жылдығына арналған   «Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты әдеби  сазды кеш ұйымдастырылды. Кешке 5,6,8,9, !0  сынып оқушылары қамтылды. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ұстаздары Абайдың «Көзімнің қарасы» атты өлеңімен бастады. Абайдың өмірі туралы көріністер  ұйымдастырылды. Абайдың қара сөздерін мектеп оқушылары  жатқа тамаша айтып берді. Абайдың қара сөздерінен қойылым көрсетті. Оқушылар  Абайдың  он жетінші қара сөзінен   қойылым көрсетті.Ол жерде    ақыл, қайрат, жүрек туралы  ойлары жақсы  айтылды. 10  сынып оқушылары Абайдың «Желсіз түнде жарық  ай» әнін жақсы орындады. Кешті  мектептің педагог ұйымдастырушысы Динара Райымбекова «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін нақышына келтіріп орындады. Бұл кеште оқушыларға  Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты слайдтар көрсетілді.