Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Мен және менің құқығым» тақырыбында дебататтар туралы

Автор: admin от 22-11-2019, 17:25, посмотрело: 160

0

20-шы қараша күні Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясын қабылдауының 30 жылдығы және ратификацияланғанына 25 жыл мерекесіне орай тарих пәнінің мұғалімі Х.А.Дунаевтың ұйымдастыруымен «Мен және менің құқығым» тақырыбында дебат өткізілді.Дебатқа мектеп әкімшілігі,мұғалімдер,8 -11 сыныптар арасындағы оқушылар қатысты.Дебат барысында оқушылар тақырып төңірегінде пікірталас жүргізіп,өз ойларын жақсы жеткізе білді.

 

 

 

 



Категория: Мектеп өмірі

 

«Музей түні» акциясы туралы мәлімет

Автор: admin от 22-11-2019, 09:53, посмотрело: 162

0

20 қараша күні  мектебіміздің ұстазы Мырзаханова Жанира Советханқызы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Музей түні» акциясына белсене қатысып,  Жамбыл  облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Жамбыл облыстық тарихи өлкетану музейінің  директоры С.Ілиясовтың  Алғыс хатымен  марапатталды. 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

«Күз мереке, күз береке» атты күзгі бал мерекесі

Автор: admin от 22-11-2019, 09:40, посмотрело: 118

0
21 қараша күні мектептің бастауыш сыныптардың арасында  «Күз мереке, күз береке» атты күзгі  бал  мерекесі ұйымдастырылды.  Мереке өте қызықты өтті. Байқау 5 кезеңнен тұрды: таныстыру, өнер байқауы, сән үлгісі, қолөнер байқауы, күз байлығы.

 

 

 


Категория: Мектеп өмірі

 

«Репродуктивтік денсаулық және қыз бала гигиенасы» тақырыбы бойынша жүргізілген жұмыс туралы мәлімет

Автор: admin от 21-11-2019, 09:46, посмотрело: 153

0

2019 жылы 19 қараша күні әл - Фараби атындағы орта мектебінде, «Қыз бала  гигиенасы» және «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында  8-11 сынып қыздарының   арасында  түсіндірме жұмысы  ұйымдастырылды.  Түсіндірме жұмыстарды   ДТІЖО Тулегенова Ш.А.,  мектеп медбикесі Айтбаева Г.Е.,мектеп  психологтары:Алимбекова Р.С., Касымбекова Г.Т.,өткізді.

Қатысқан  оқушылар: 7-11 сынып  қыздары.

Мақсаты: Қыз  балаларға жеке  гигиенасын  арттыру мақсатында білім  беру.

Бірінші мәселе  бойынша Тулегенова Ш.А. қыздардың тәртібі  бойынша,   тазалық туралы қыздарға  айтып өтті.

Мектеп  медбикесі Айтбаева  Г.Е. «Репродуктивтік денсаулық»  және «Қыз бала гигиенасы»    туралы  түсіндірме  жұмыстарын  жүргізді.Мектептегі жасөспірім қыздарға медициналық қызметкер ретінде кеңестер ұйымдастырды, қыздардың сұрақтарына жауап берді, осы тақырыпқа байланысты слайд, бейнероликтер көрсетті.

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

«Ұлттық валюта - төл теңге» атты іс - шара туралы мәлімет

Автор: admin от 20-11-2019, 05:27, посмотрело: 206

0

15  қараша күні мектептің  акт залында ұлттық  теңге күніне орай  «Ұлттық валюта – төл теңге»  атты іс - шара ұйымдастырылды. Іс шараға мектептің  5  Ә 6 Ә 1 Ә сынып оқушылары   қатысты. Бұл іс - шарада   патриоттық әндер айтылды, ұлттық билер, флешмоб  биледі. Ұлттық теңгеге байланысты сұрақтар қойылды, көрермендермен ойындар ұйымдастырылды. 

 


 

 

 

 

 


 

Категория: Мектеп өмірі

 
 

«Ұнайтынымды саламын» және «Бақытты отбасы» сурет байқауы туралы мәлімет

Автор: admin от 15-11-2019, 05:12, посмотрело: 207

0

Әл –Фараби атындағы орта мектебінде 2019 жылдың қарашаның 12,13 күндері Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясын қабылдауының 30 жылдығы және ратификацияланғанына 25 жыл мерекесіне орай «Ұнайтынымды суретке саламын» және «Бақытты отбасы»  атты сурет байқаулары өткізілді.Байқауға 1-4 сыныптар арасындағы оқушылар қатысты.«Ұнайтынымды суретке саламын» атты сурет байқауында жүлделі I орынды 2 а сынып оқушысы  Алиева Лязгина ,

II орынды Джафарова Венера 2 б сынып оқушысы,III орынды Ахмедов Анвар 3 б сынып оқушысы және Төрехан Айжан 3-4 ә сынып оқушысы иеленді.«Бақытты отбасы»  атты сурет байқауында жүлделі I орынды 4 а сынып оқушысы  Амалова Мадина ,II орынды Совет Ануар2 ә сынып оқушысы,III орынды Амирханов Амирхан 1 б сынып оқушысы жәнеЕмберді Айдана  2 ә сынып оқушысы иеленді.

 

 

 

 


 


Категория: Мектеп өмірі

 

Мектепте Дүниежүзілік сабақты өткізу бойынша мәлімет

Автор: admin от 15-11-2019, 04:28, посмотрело: 176

0

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде 13-ші қараша күніДүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның Конвенциясын қабылдауының 30 жылдығы және ратификацияланғанына 25 жыл мерекесіне орайбарлық сыныптардың қатысуымен «Қазіргі және болашақ:әр бала үшін қорғалған балалық шақ» тақырыбында Дүниежүзілік сабақ өткізілді.Дүниежүзілік сабақтың мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің өздеріне тиесілі ерекше қорғалу және көмек алу құқықтарын сезінуіне, мемлекет пен әрбір азаматтың әр адамның тағдыры, Отанымыздың қауіпсіздігі мен болашағы үшін өзара жауапкершілігін сезінуіне жәрдемдесу.

Сабақ барысында тақырып төңірегінде оқушылар өз пікірлерімен бөлісті.

 

 

 

 

 


 

Категория: Мектеп өмірі

 

Мектепте Күзгі балдың өтуі туралы

Автор: admin от 12-11-2019, 16:10, посмотрело: 216

0

9  қараша күні Әл  - Фараби атындағы орта мектепте   Күзгі бал  ұйымдастырылды.

Күзгі бал өте қызықты өтті. Күзгі балдың  бірінші кезеңі  таныстыру, екінші кезеңі  мәнерлеп оқу, үшінші кезеңі  музыкалық нөмір, төртінші кезең сән көрсету, бесінші кезең күз байлығын көрсету болды.  Жоғары сынып оқушылары өздерінің жаңашыл, шығармашыл, іскер екенін көрсете білді.   

 

 

 

 

 

  

 

Категория: Мектеп өмірі

 

Бастауыш сыныптардағы мереке туралы мәлімет

Автор: admin от 8-11-2019, 16:23, посмотрело: 130

0
Бастауыш сынып ұстаздары өздерінің    декадасын тамаша концерттік бағдарламамен қорытындылады. Бұл мерекеге барлық бастауыш сынып оқушылары қамтылды. Тамаша билер, әндер көріністер ұйымдастырылды. Ұстаздар әр түрлі аңдардың киімдерін киіп, мерекенің  көркін  ажарландырды.

 

 

 



Категория: Мектеп өмірі