Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясының аясында өткізілген сынып сағаттардың мәліметі

Автор: admin от 17-02-2020, 10:11, посмотрело: 46

0
Әл Фараби атындағы орта мектепте 2019 жылдың 2020 жылдың 15 қаңтар -15 ақпан аралығында «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы ұйымдастырылды. «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Қауіпсіздік шұғыласы» атты 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен сурет байқауы өтті. «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы барысында бастауыш сыныптарға жол қозғалысы ережелерін және өзін сақтау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.«Жол ережесін сақтау –қауіпсіздік кепілі!» , «Қауіпсіз мектеп автобусы» , «Жол тәртібін сақтаймыз!»«Безопасный школьный автобус» , «Безопасная дорога в школу» атты сынып сағаттары өткізіліп,бейнебаяндар көрсетілді.5-8 сыныптар арасында «Жол ережесін білейік ,аман –есен жүрейік» атты флешмобтар байқауы өткізілді.Әр өткізілген іс-шараларға қатысушылар арнайы грамоталармен марапатталды.Республикалық «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы өз жалғасын табуда.

 

 

 

Категория: Информация, Мектеп өмірі

 

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 10-17 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі

Автор: admin от 17-02-2020, 01:18, посмотрело: 80

0

Ашық есік күндері аптасына бір рет ата-аналар келіп, балалардың тамақтарының ұйымдастырылуын көрді. Арнайы жасалынған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ас адамның арқауы», «Тамақтану сауаттылығы», «Зат және энергия алмасу» тақырыптарында дәрістер, сынып сағаттары өткізілді. Ата-аналар тарапынан болған түрлі пікірлерден, тамақтандырудың ұйымдастырылуына көңілдері толатыны анықталды.Бала денсаулығының дұрыс қалыптасуында тамақтанудың мәні зор. Тамақтану-маңызды физиологиялық үрдіс. Ол нақты ережелерге, гигиеналық талаптарға сүйене отырып іске асады. Ал оны жас ұрпақ санасына, өмір салтына сіңіру ата-аналар мен біздің басты міндетіміз.Акция аясында « Ашық есік» күндеріне келген ата аналардың қатысуымен «Тамақтану сауаттылығы» тақырыбында таныстырылым көрсетіліп, кеңес берілді. Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселенің маңызы бар екендігі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасатындығы, ал тағам – бұл үшін қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі екендігі айтылды. Ата-аналардың тарапынан /Мектептегі тамақтаң берілуі, тамақтың мөлшері, жемістер мен көкөністердің сақталуы/ туралы сауалдар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Балалардың күнделікті тамақтануы өсу үстіндегі организмнің қажетті қоректік заттектерге және қуатқа қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруы мектеп оқушысына арналған негізгі салауатты тамақтану ұстанымдары туралы білу аса маңызды.

Категория: Ыстық тамақ

 

Ауған соғысының ардагерлерімен өткен кездесу туралы мәлімет

Автор: admin от 14-02-2020, 17:22, посмотрело: 100

0

Әл - Фараби атындағы орта мектепте  ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды, атап айтқанда  Шамшура Алексей Иванович және  Шынарбеков Болыс Буралкиевич .Кездесуді мектеп  директоры Е.А. Нетаева  ашты.   Кездесу өте жоғары деңгейде  өтті.  9  Б және 8 В сынып оқушылары  әдеби музыкалық композиция дайындады. Оқушылар ауған  соғысы туралы өлеңдер оқыды, өте мазмұнды слайдтар көрсетілді.  10  сыныптың ұлдары ауған соғысындағы  жауынгерлердің хаттарын оқыды, «Анаға хат»  әнін   Мелісова Томирис  орындады. 8 және 9 сыныптың қыздары «Зажгите свечи» әніне  қойылым көрсетті.    Бастауыш сынып оқушыларының дайындаған тамаша билері   ардагерлер мен оқушыларға өте қатты ұнады.  Ауған соғысының ардагерлері Шынарбеков Б.Б. және Шамшура А.И. оқушыларға     өздерінің бастарынан кешкен   соғыс жайлы естеліктерін айтты.    Кеңес Одағы жауынгерлерінің Ауғаныстан аймағынан шығарылғанына  биыл 31 жыл толды. Кездесу соңында Шамшура А.И. және Шынарбеков Б.Б. жоғары сынып оқушыларына   автоматты жинаудан шебер класс көрсетті. Бұл кездесу оқушылардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталатынына біз  сенеміз.  

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты өткізілген он күндік апталығы туралы мәлімет.

Автор: admin от 14-02-2020, 14:50, посмотрело: 92

0

        3-12 ақпан аралығында  Әл-Фараби атындағы  орта мектебінде "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндік жоспар бойынша іс –шаралар өткізілді.Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Алимбекова Р.С.,Райымбекова Д.Б.,Ақжарғакова Ж.Н  ашық сабақтар өткізді."Балаға жүрек жылуы" сыныптан тыс сабағы, "Алтын жүрек анамыз" 5 «Ә» сынып оқушыларымен мәнерлеп оқу сайысы өткізілді, "Ізгілік-адамның басты рухани адамгершілік құндылығы" дебат сабағы, "Мен талантты жанмен "тақырыбында өзін өзі тану пәні мұғалімдері Райымбекова Д.Б.,Алимбекова Р.С. 6 сыныптар аралығында сүрет байқауын ұйымдастырды.

    "Жүректі жылытар мейірімділік" атты тақырыпта   1 «Ә»сыныбында   ашық сабағы өткізілді. «Доброта ,Любовь,Дружба» атты тақырыбында 8»В»сыныбында ашық сабақ өткізілді.  Өзін өзі пәні мұғалімі Алимбекова Р.С. 7 «Б» сыныбында «Подари тепло другу »атты  ашық сабақ өткізді.

 

 

 

 

 

 


 

Категория: Мектеп өмірі

 

«Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты бірыңғай тәрбие сағаттары туралы мәлімет

Автор: admin от 14-02-2020, 05:29, посмотрело: 139

0

14 ақпан күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 25  жылдығына орай мектепте «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты бірыңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.  Біл іс -шараға мектептің 1-11  сынып оқушылары толық қамтылды. Бірінші сынып оқушылары тәрбие сағаттарын ұлттар фестивалі форматында ұйымдастырды.  Жоғары сынып оқушылары тәрбие сағаттарында Қазақстанды мекендейтін   көптеген   ұлттардың бірлігі, татулығы туралы сөз қозғады.  Қазақстан туралы өлеңдер оқылды, әндер айтылды, билер биледі. Қазақстанның қалалары, тарихы жайлы викториналық сұрақтар ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Информация, Мектеп өмірі

 

Оқушылардың пошта мен халыққа қызмет көрсету орталығына экскурсияға барғаны туралы мәлімет

Автор: admin от 14-02-2020, 05:25, посмотрело: 56

0

 

Әл-Фараби атындағы орта мектептің   8   А  және11 А  сынып оқушылары кәсіптік бағдар жұмысы бойынша аудандық  пошта бөліміне және халыққа қызмет көрсету орталығына экскурсияға  барды.Оқушылар пошта қызметкерлерінің жұмысымен және халыққа қызмет көрсету орталығының   қызметкерлерінің  жұмыстарымен танысты. Пошта қызметкерлері мен  халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өз жұмыстарының қыр - сырымен таныстырды. Оқушылардың бұл экскурсиядан алған   әсерлері  жақсы болды.

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 3-7 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі

Автор: admin от 8-02-2020, 01:16, посмотрело: 71

0

Мониторинг және бракераждық комиссия жұмысының нәтижесі
Мектепте оқушыларды тегін тамақтандырудың сапасын бақылау және мониторинг жасау жөнінде мониторинг және бракераждық комиссиясы құрылған, бұйрықпен бекітілген, сонымен қатар арнайы іс шаралар жоспары бойынша жұмыс жасады. Комиссия әр айдың басында балаларға келген азық түлікті тізбектеп жазып, акт жасап қабылдап алды. Күнделікті бір рет зерделеу жұмыстарын жүргізеді, мектепте оқушыларға берілетін тегін тамақтың азық-түлігінің сапалы болуын, сақталу мерзімін, күнделікті ас мәзіріне сәйкес болуын қадағалады. Сонымен қатар асхана тазалығын, тоңазытқыштардың дұрыс жұмыс істеуін, аспазшылардың гигиеналық талаптарды қатаң сақтауын бақылады. Барлық сараптама нәтижелері арнайы бракераждық журналдарға толтырылды.«Мектеп асханасы» республикалық акциясы барысында Шу аудандық ведомствоаралық сараптамалық комиссиясы мектепте перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы, мектеп асханасының санитариялық жағдайы, азық түліктің сапасы, күнделікті ас мәзірін нормаға сай берілуіне бақылау жұмыстарын жүргізді. Зерделеу нәтижесі мониторинг және бракераждық комиссия жұмысының нәтижесінің талапқа сай жүргізілгенін көрсетті.

Категория: Ыстық тамақ

 

«Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты әдеби сазды кеш туралы

Автор: admin от 6-02-2020, 02:56, посмотрело: 202

0

5 ақпан күні Әл - Фараби  атындағы орта мектепте Абай  Құнанбаевтың 175  жылдығына арналған   «Абай мұрасы - халық ұлағаты» атты әдеби  сазды кеш ұйымдастырылды. Кешке 5,6,8,9, !0  сынып оқушылары қамтылды. Кешті қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің ұстаздары Абайдың «Көзімнің қарасы» атты өлеңімен бастады. Абайдың өмірі туралы көріністер  ұйымдастырылды. Абайдың қара сөздерін мектеп оқушылары  жатқа тамаша айтып берді. Абайдың қара сөздерінен қойылым көрсетті. Оқушылар  Абайдың  он жетінші қара сөзінен   қойылым көрсетті.Ол жерде    ақыл, қайрат, жүрек туралы  ойлары жақсы  айтылды. 10  сынып оқушылары Абайдың «Желсіз түнде жарық  ай» әнін жақсы орындады. Кешті  мектептің педагог ұйымдастырушысы Динара Райымбекова «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін нақышына келтіріп орындады. Бұл кеште оқушыларға  Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты слайдтар көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

Основные показатели финансовой деятельности КГУ "Средняя школа имени Аль-Фараби" по состоянию на "01"января 2020г.

Автор: admin от 4-02-2020, 04:34, посмотрело: 101

0
Основные показатели финансовой деятельности КГУ "Средняя школа имени Аль-Фараби" по состоянию на "01"января 2020г. 
КГУ "Средняя школа имени Аль-Фараби" 

Периодичность: ежеквартально
Среднее образование  ед. изм. 2020 год
    годовой план план на период факт
1. Среднегодовой контингент обучающиеся чел. 419    
средний расход на 1-го обучающегося тыс. тенге 50    
2. Всего расходы, тыс.тенге тыс. тенге 251502    
в том числе:        
3. Фонд заработной платы тыс. тенге 204418    
из них:        
3.1. Административный персонал тыс. тенге 11531    
штатная численность единиц 6,00    
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 160    
3.2. Основной персонал - учителя тыс. тенге 154871    
штатная численность единиц 61,67    
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 209    
3.3. Прочий педагогический персонал
(педагог-психолог, социальный педагог, вожатый и др.)
тыс. тенге 16325    
штатная численность единиц 10,25    
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 133    
3.4. Вспомогательный и технический персонал тыс. тенге 21692    
штатная численность единиц 27,00    
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 67    
2. Налоги и другие обязательные платежи в бюджет тыс. тенге 21566    
3. Коммунальные расходы
(свет, вода, отопление, связь,интернет, ареднда помещений и др.)
тыс. тенге 1566    
4. Текущий ремонт помещений и оборудования тыс. тенге 120    
5. Капитальные расходы
(капительный ремонт, приобретение основных средств)
тыс. тенге 1121    
6. Прочие расходы
(приобретение литературы, канцелярских и хозяйственных товаров и др.)
тыс. тенге 22711    
 
 
 
 
 

Категория: Ашық бюджет

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері әдістемелік бірлестігі айлығы жұмысы туралы мәлімет

Автор: admin от 3-02-2020, 16:40, посмотрело: 76

0

2020 жылдың 9-31 қаңтар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің айлығы өтті. Айлық  жоспары әдістемелік бірлестік отырысында қаралып, бекітілді. Белгіленген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар бекітілген жоспар бойынша өткізілді .

Қазақ тілі мен әдебиеті айлығы кезінде тақырыптық қабырға газеттері шығарылды.

    Айлық  барысында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік мұғалімдері бір-бірімен тәжірибе алмасты.

    13-31 қаңтар аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәні ӘБ  мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс түрлі іс-шаралар  ұйымдастырып, өткізді. А.М.Дүйсекеева «Егіннің бастары» 5 «Ә» сыныбында өткізілген кіріктірілген сабағы, А.Қ.Джуманбаеваның 9 «Ә» сыныбындағы І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы тақырыбында ізденіс сабағы, С.Н. Рахимбаева-ның . 8«Ә» сыныбындағы «Қыз Жібек жыры» атты ізденіс сабағы, М.Д. Басжанованың 2«А» сыныбындағы «Әнелдің шашы ұзын»» атты ойын сабағын  өткізді. Сабақтарда жаңа технология бойынша әдіс-тәсілдер: зымыран сұрақтар, кейіпкер бейнесі, венн диаграммасы, ПОПС формуласы қолданылды Білім ленд сайтынын тапсырмалар берілді.

  Қазақ тілі мен әдебиет пәні ӘБ  мұғалімдері сыныптан тыс іс-ш аралар өткізді. Р.Е.Жиенбекованың  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты зияткерлік сайыс сабағы, А.Қ.Джуманбаеваның «Тіл-ұлттың тірегі» тақырыбында поэзия сабағы, С.Н. Рахимбаеваның «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағы және М.Д. Басжанованың  «Мың бір мақал жүз бір жұмбақ» атты  жарыс  сабағы, А.М.Дүйсекееваның «Көңілді тапқырлар» атты зияткерлік сайыс сабағы  ұйымдастырылып  өткізілді.

    Әдістемелік бірлестік мұғалімдері жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын, сазгер,аудармашы Абай Құнанбаевтің 175 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы-халық ұлағаты» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш өткізді. Кеште ақын өлеңдері,қара сөздері,аудармалары .жатқа оқылып,әндері

айтылды,көрініс қойылды.

  Ашық сабақтар әдістемелік бірлестік отырысында  қаралып,талқыланды.Әр пән мұғалімі өзінің өткізген сабағына талдау жасады.

Оқушылар ақын өмірі шығармалары туралы көптеген мәліметтер алды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Категория: Мектеп өмірі, Әдістеме және практика