Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері
21
март
2022

Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері

amorshyly-kees-zhmysy.docx [64,16 Kb] (cкачиваний: 3)
Посмотреть онлайн файл: amorshyly-kees-zhmysy.docx

Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау

тәртібінің үлгілік

ЕРЕЖЕЛЕРІ


1. Жалпы ережелер

      1. Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы  44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) білім беру ұйымын алқалы басқару нысанының бірі болып табылады.

      3. Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Ережелерді, сондай-ақ білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

      4. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі ведомстволармен және басқа да ұйымдармен өзара қарым-қатынаста болады.

      5. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз қызметтерін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

  2. Қамқоршылық кеңестің құрамы, құрылымы және қызметі

      6. Қамқоршылық кеңес аталған білім беру ұйымының құрылтайшысы және білім алушылардың ата-аналарының бастамасы бойынша жалпы жиналыста құрылуы мүмкін.

      7. Қамқоршылық кеңестің құрамына:

      1) Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы;

      2) басқа да білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері;

      3) жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер;

      4) қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері;

      5) демеушілер кіруі мүмкін.

      8. Қамқоршылық кеңестің құрамы 3 жыл мерзімге сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      9. Қамқоршылық кеңестің отырысында сайланатын оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан арнайы өкілеттіксіз әрекет етеді, оны білім беру ұйымының, мемлекеттік органдар және басқа да тараптар алдында таныстырады. Төраға Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережелерге сәйкес қамтамасыз етеді.

      10. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарын Қамқоршылық кеңес сайлайды.

      11. Хатшыны Қамқоршылық кеңес сайлайды және ол Қамқоршылық кеңестің іс-қағаздарын жүргізуге жауап береді.

      12. Қамқоршылық кеңестің отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар қажеттілікке қарай Қамқоршылық кеңес төрағасының шешімімен немесе Қамқоршылық кеңестің төрттен бір мүшелерінің талаптары бойынша өткізіледі.

      13. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің кемінде 2/3-сі отырысқа қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс берумен оның қатысып отырған мүшелерінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады.

      14. Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары:

      1) білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету;

      2) білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау;

      3) білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету;

      4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету болып табылады.

      15. Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

      1) білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету;

      2) тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету;

      3) халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету;

      4) білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу болып табылады.

  3. Қамқоршылық кеңестің қызметін тоқтату

      16. Қамқоршылық кеңестің қызметін тоқтату:

      1) құрылтайшының бастамасы бойынша;

      2) Қамқоршылық кеңестің бастамасы бойынша;

      3) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырыла

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1 Қамқоршылық – білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін(білім беру, ғылым, мәдениет және өнер, спорт және денсаулық сақтау) қолдаумен  байланысқан әлеуметтік белсенділік саласы.

1.2 Қамқоршылар – қамқоршылық жұмысын атқаратын қоғамдық және заңды тұлға.

1.3 Қамқоршылық кеңесі- қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылады.

1.4 Қамқоршылық қолдау алатындар  - қамқоршы бөлетін және тартатын қаржыға Қазақстан Республикасының жас ұрпағын дамытумен байланысқан білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін атқаратын қоғамдық және заңды  тұлғалар.

1.5  № 9 ЖОГМ ҚМ-нің Қамқоршылық кеңесі ҚР «Білім туралы» Заңының 44 бабының 9 тарауына сәйкес мектеп алқалық басқарудың түрі болып табылады.

1.6 Қамқоршылық кеңесі жалпы білім беру мекемесінің Жарғысы мен заңды тұлға статусынсыз осы Ереже негізінде әрекет жасайды.

1.7 Қамқоршылық кеңесінің мақсаты – білім беру мекемесінің дамуына қолдау жасау, қала аумағында жұмыс істейтін басқа ұйымдармен оның байланысын нығайту,заттай  және ақшалай қаржыларды белсенді пайдалану.

1.8 Қамқоршылық кеңесі бюджеттен тыс қаржыларды  ерікті құрбандық жасау, жеке тұлға мен мекемелердің қайырымдылық және демеушілік жарнасы, «ТҰРАҚТЫЛЫҚ-БІЛІМ» қайырымдылық есеп шотына заңмен қарастылыған қаржы көздері есебінен тартады.

1.9 Қайырымдылық және демеушілік жарнасынан түскен және қайырымдылық көрсетушілер қосқан қаржы есебінен сатып алынған барлық мүлік мекеменің меншігі болып табылады және бекітілген тәртіпте балансына алынады.

1.10 Қайырымдылық қызметі ҚР МК (сыйлық мен құрбандық ҚР МК 506,516 баптар) реттейтін келісім шарт қатынасы негізінде жасалады.


2. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ҚҰРАМЫ

2.1 Қамқоршылық кеңес құрамына кіреді:

- әлеуметтік серіктестерінің өкілдері;

- қоғамдық ұйымдардың өкілдері;

- ата-аналар жұртшылығы мен педагогикалық кеңес өкілдері.

2.2 Қамқоршылық кеңесінің жеке  құрамы білім беру мекемесінің жалпы жиналысының ұсынысы ескеріліп, білім беру мекемесінің әкімшілігімен қалыптастырылады.

2.3 Қамқоршылық кеңесінің төрағасы  білім беру мекемесінің Қамқоршылық кеңесінің отырысында сайланады. Төрағасының өкілеттілік мерзімі Қамқоршылық кеңесіндегі оның басшылығы мерзімімен шектеледі.

2.4 Төрағасының орынбасары мен хатшысы Қамқоршылық кеңеспен сайланады.

2.5 Қамқоршылық кеңес мүшелерінің  арасында тапсырмаларды бөлу  кеңестің отырысында  белгіленеді.

2.6 Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз  тапсырмаларын өтеусіз негізде орындайды.

2.7 Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Қамқоршылық Кеңесінің жалпы жиналысымен енгізіледі және оның отырысында бекітіледі.

3. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

3.1 Жалпы білім беру ұйымының жұмысының  айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.

3.2 Жалпы білім беру ұйымының материалдық- техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көркейту.

3.3 Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.

3.4 Мектеп органдарының  жұртшылықпен тиімді қарым –қатынасы үшін жағдай жасау.

3.5 Мектептің   білім берушілік,қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.

3.6 ҚМ берілген қаражаттай және заттай бюджеттік қаржыны  тиімді және анық пайдалану үшін механизм құру.

3.7 Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.

3.8 Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

4. ҚОСЫМША БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚАРЖЫЛАРДЫ ТАРТУ ЖӘНЕ ЖҰМСАУ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘРТІБІ.

4.1 Қосымша бюджеттен тыс  қаржыларды тартуды Қамқоршылық кеңес ерікті құрбандық пен қоғамдық және заңды тұлғалардың мақсатты  жарналары түрінде жасайды.

4.2 Мақсатты  жарналарды тартудың өзіндік мақсаттары бола алады, мектепке қажетті мүлік сатып алу,мекеменің материалдық- техникалық базасын нығайту және дамыту, тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін сақтау, тағы басқа қазіргі заңнамалар мен мекеменің жарғылық қызметіне қайшылық жасамайтын мақсаттар. Мақсатты жарналарды тарту бастамалары ҚМ басшыларынан, қамқоршылық кеңес немесе  мекеменің басқа өзін -өзі басқару органдарынан туындайды.

4.3 Мақсатты жарналар білім беру мекемесінің есеп шотына түсіріледі. Тартылған мақсатты жарналарға білім беру мекемесінің бастығы жарияланып тағайындалған мақсат бойынша қамқоршылық кеңеспен келісілген иелік жасайды.

4.4 Мектепте  құрбандықты ақшалай немесе заттай түрде ҚР МК бекіткен тәртіпте қоғамдық және заңды тұлғалар жасай алады.

4.5 Мақсатты жарналар мен құрбандықтар бойынша бухгалтерлік есеп және есеп берушілік қазіргі заңнамалар бекіткен ретте жасалады.

5. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ.

5.1 Қамқоршылық кеңесі жылына 4 мәртеден кем емес отырыс өткізеді.

5.2 Қаралған сұрақтар бойынша Қамқоршылық кеңесі шешім қабылдап, білім беру мекемесінің әкімшілігі мен Педагогикалық кеңес мәліметіне жеткізеді.

5.3 Қамқоршылық кеңесінің білім беру мекемесі материалдық-техникалық базасын дамыту үшін берген қаражат қаржыларын білім беру мекемесінің пайдалануы туралы жарты жылда бір рет директор есеп береді.

5.4 Білім беру мекемесін дамыту мүддесі үшін бюджеттен тыс қаржыны мақсатты және тиімді пайдалануы үшін жауапты.

5.5 Білім беру мекемесінің бюджеттен тыс қаржысының шығысын бақылайды.

5.6 Қамқоршылық кеңесінің барлық шешімдері көпшілік дауыспен қабылданады.

5.7 Қамқоршылық кеңесі оқтын-оқтын мектеп ата-аналар комитеті алдында өз жұмысы туралы есеп береді.

6. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ІС ҚАҒАЗДАРЫ

6.1 Қамқоршылық кеңесінің отырысында кеңестің төрағасы мен хатшының қолы қойылған  хаттама жүргізіледі.

6.2 Хатшының міндеті Қамқоршылық кеңесінің бір мүшесіне жүктеледі.

6.3 Құжаттары Қамқоршылық кеңесінің төрағасында 1 жылға сақталады.

 Ереженің нақтылы мерзімі:  білім беру мекемесінің үлгісі (немесе түрі) өзгергенге дейін.

7. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ.

Қамқоршылық кеңесінің жұмысы келесі қағидаларға негізделеді:

- демократиялық;

- алқалық;

- ынтымақтастық ұзақтығы;

- жұмысының жариялылығы пен ашықтығы.

Қамқоршылық кеңесіне қатысушылардың жұмысы келесі қағидаларға негізделеді:

- еріктілік;

- жұмыс заңдылығы және барлық қатысушылардың құқықтық теңдігі;

- көмек алушылардың  таңдау еріктілігі;

- қайғыға ортақтасу,мейрбандық,риясыздық рухани құндылықтары.