Сабақта критериалды бағалау жүйесін колданудың тиімді жолдары. » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сабақта критериалды бағалау жүйесін колданудың тиімді жолдары.
30
январь
2018

Сабақта критериалды бағалау жүйесін колданудың тиімді жолдары.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша  оқытудағы

критериалды бағалау жүйесін колданудың тиімді жолдары

 

    Бүгінде заманауи талаптар негізінде туындаған білім саласындағы жаңа бағыттардың бірі – критериалды бағалау болып отыр. Ол - білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқындалған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. 

Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі.  Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі.

Күнделікті сабақ барысында оқытудың жаңартылған білім беру мазмұнын негізге ала отырып,  сабағымда  қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіліп тұрады.

 

 

Үй тапсырмасын тексеру 
 
"Неліктен бұл ең жақсысы” әдісі

 

Стикер арқылы оқушылар арасында өзара бағалау болады 

 

 «Бірге ойлаймыз»  әдісі арқылы әрбір топқа тапсырма беріліп, оқушылар бірлесе отырып, есепті шығарады. Топқа келіп сұрақтар қоямын.

- Сіздер қазір не істеп жатырсыздар?

- Сіз қалай ойлайсыз, одан кейін не болады? 

Оқушылардың жауабын тыңдап, топ болып талқылаймыз. Сабаққа белсенді қатыспай отырған оқушыға жай ғана микрафон ұсынамын. 

         Микрофон әдісі арқылы бағалаймын. Тақырыпты түсінбей қалған оқушыға  диалог арқылы қолдау көрсетемін.

 Сабақ соңында оқушылардан стикер арқылы кері байланыс аламын және  өздерінің алған білім  деңгейлерін  анықтау үшін бағдаршам түстерін қолданады.

 

Қорытындылай келе, сабаққа күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін саралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысады. Сондай-ақ мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп ойлаймын.

 

 

  

 

Baalau-kriteriyler.doc [1,48 Mb] (cкачиваний: 16)
Посмотреть онлайн файл: Baalau-kriteriyler.doc