Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 10-17 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 10-17 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі
17
февраль
2020

Әл-Фараби атындағы орта мектебінде "Мектеп асханасы" республикалық акциясы бойынша 10-17 ақпан аралығында жүргізілген жұмыстардың мәліметі

Ашық есік күндері аптасына бір рет ата-аналар келіп, балалардың тамақтарының ұйымдастырылуын көрді. Арнайы жасалынған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ас адамның арқауы», «Тамақтану сауаттылығы», «Зат және энергия алмасу» тақырыптарында дәрістер, сынып сағаттары өткізілді. Ата-аналар тарапынан болған түрлі пікірлерден, тамақтандырудың ұйымдастырылуына көңілдері толатыны анықталды.Бала денсаулығының дұрыс қалыптасуында тамақтанудың мәні зор. Тамақтану-маңызды физиологиялық үрдіс. Ол нақты ережелерге, гигиеналық талаптарға сүйене отырып іске асады. Ал оны жас ұрпақ санасына, өмір салтына сіңіру ата-аналар мен біздің басты міндетіміз.Акция аясында « Ашық есік» күндеріне келген ата аналардың қатысуымен «Тамақтану сауаттылығы» тақырыбында таныстырылым көрсетіліп, кеңес берілді. Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселенің маңызы бар екендігі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасатындығы, ал тағам – бұл үшін қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі екендігі айтылды. Ата-аналардың тарапынан /Мектептегі тамақтаң берілуі, тамақтың мөлшері, жемістер мен көкөністердің сақталуы/ туралы сауалдар қойып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Балалардың күнделікті тамақтануы өсу үстіндегі организмнің қажетті қоректік заттектерге және қуатқа қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруы мектеп оқушысына арналған негізгі салауатты тамақтану ұстанымдары туралы білу аса маңызды.