Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері әдістемелік бірлестігі айлығы жұмысы туралы мәлімет » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері әдістемелік бірлестігі айлығы жұмысы туралы мәлімет
03
февраль
2020

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері әдістемелік бірлестігі айлығы жұмысы туралы мәлімет

2020 жылдың 9-31 қаңтар аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің айлығы өтті. Айлық  жоспары әдістемелік бірлестік отырысында қаралып, бекітілді. Белгіленген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар бекітілген жоспар бойынша өткізілді . 

Қазақ тілі мен әдебиеті айлығы кезінде тақырыптық қабырға газеттері шығарылды.

    Айлық  барысында қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік мұғалімдері бір-бірімен тәжірибе алмасты. 

    13-31 қаңтар аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәні ӘБ  мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс түрлі іс-шаралар  ұйымдастырып, өткізді. А.М.Дүйсекеева «Егіннің бастары» 5 «Ә» сыныбында өткізілген кіріктірілген сабағы, А.Қ.Джуманбаеваның 9 «Ә» сыныбындағы І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы тақырыбында ізденіс сабағы, С.Н. Рахимбаева-ның . 8«Ә» сыныбындағы «Қыз Жібек жыры» атты ізденіс сабағы, М.Д. Басжанованың 2«А» сыныбындағы «Әнелдің шашы ұзын»» атты ойын сабағын  өткізді. Сабақтарда жаңа технология бойынша әдіс-тәсілдер: зымыран сұрақтар, кейіпкер бейнесі, венн диаграммасы, ПОПС формуласы қолданылды Білім ленд сайтынын тапсырмалар берілді.

  Қазақ тілі мен әдебиет пәні ӘБ  мұғалімдері сыныптан тыс іс-ш аралар өткізді. Р.Е.Жиенбекованың  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты зияткерлік сайыс сабағы, А.Қ.Джуманбаеваның «Тіл-ұлттың тірегі» тақырыбында поэзия сабағы, С.Н. Рахимбаеваның «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағы және М.Д. Басжанованың  «Мың бір мақал жүз бір жұмбақ» атты  жарыс  сабағы, А.М.Дүйсекееваның «Көңілді тапқырлар» атты зияткерлік сайыс сабағы  ұйымдастырылып  өткізілді.

    Әдістемелік бірлестік мұғалімдері жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын, сазгер,аудармашы Абай Құнанбаевтің 175 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы-халық ұлағаты» тақырыбында әдеби-музыкалық кеш өткізді. Кеште ақын өлеңдері,қара сөздері,аудармалары .жатқа оқылып,әндері

айтылды,көрініс қойылды.

  Ашық сабақтар әдістемелік бірлестік отырысында  қаралып,талқыланды.Әр пән мұғалімі өзінің өткізген сабағына талдау жасады.

Оқушылар ақын өмірі шығармалары туралы көптеген мәліметтер алды.