Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 368 бұйрығы. » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 368 бұйрығы.
16
август
2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 368 бұйрығы.

Орта білім беру ұйымдарында 2021 – 2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау 

  "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:
      1) 2021 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек;
      2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы;
      3) оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:
      1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында), қысқы – 18 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 16 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында);
      1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 13.01.2022 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов