"Анам және мен" атты тақырыпта аналар арасында сайыс » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Анам және мен" атты тақырыпта аналар арасында сайыс
06
март
2023

"Анам және мен" атты тақырыпта аналар арасында сайыс

Шу ауданы білім бөлімінің, Әл-Фараби атындағы орта мектебінің бастауыш  сынып мұғалімдері 3-наурыз күні  8 наурыз Халықаралық  әйелдер мерекесіне орай "Анам және мен" атты тақырыпта аналар арасында сайыс  өткізді. Өткізілген сайыс 5 кезеңнен тұрды. Таныстыру. Өз өнері. Сұрақ-жауап. Қолөнері. Ас мәзірі. Мақсаты: ата- ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру, жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаз бен ата-ананың бірлескен жұмысын жандандыру. Сайыс барысында аналар алдымен өзін таныстырумен бастады. Одан әрі қарай кезең- кезеңімен шарттарды орындап өз өнерлерін ортаға салды. Аналарымыздың дайындап келген қолөнері, сұрақ-жауабы, ас мәзірі, қала берсе өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. Атап айтар болсақ,   Алдашбек  Айжан, Башеева Нұрсұлу, Сатаева Меруерт ерекше дайындықпен келіп көпшіліктің ықыласына бөленді. Сайыскерлер бірінен- бірі озып тамылжыта ән салып, күмбірлетіп би билеп сайысты қызықтыра түсті. Сайыс соңында аналарымызға мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. А. Тулегенова сөз сөйлеп аналарға жылы лебізін білдіре отырып, мақтау қағаздарымен марапаттады. Сайыс қызықты да тартымды өтті.