"Оқы,оқы және оқы" атты көркем шығармаларды оқу бойынша жарыс » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқы,оқы және оқы" атты көркем шығармаларды оқу бойынша жарыс
13
апрель
2023

"Оқы,оқы және оқы" атты көркем шығармаларды оқу бойынша жарыс

Әл- Фараби атындағы орта мектебінде Республикалық  «Жол картасы»  жобасының негізінде  Мемлекет  басшысының  тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы қолға алынған.  Осы жоба аясында 2-4, 5-7, 8-10 сыныптар арасында "Оқы,оқы және оқы" атты көркем шығармаларды оқу бойынша жарыс ұйымдастырылды. Жарыс үш турдан болады. Кеше І тур болды. Оқушылар оқыған шығармалары бойынша тест тапсырып, эссе жазып, нақышына келтіріп үзінді оқыды. Қазақ тілі мен орыс тілі пәнінің мұғалімдері әділқазылар болып, оқушылардың жұмыстарын саралап отырды.  «Оқуға құштар мектеп» жобасы мектеп жасындағы балалардың кітапқа құмарлығын оятумен қатар, танымдық-мәдени дамуына жол ашады.  Сол мақсатқа жету жолында жас оқырмандар алдына бірнеше міндеттерді жүктейді. Ол оқушыларды оқу мәдениетіне тәрбиелеу, кітапқа деген құрмет пен сүйіспеншілігін қалыптастыру, ең бастысы кітапты оқуға құштарлығын шыңдау болып табылады. ІІІ тур аяқталғанда, жеңімпаз үздіктер анықталады. Ең үздік оқушыларға бағалы сыйлықтар дайындалды. Атап айтсақ, велосипед-3дана, құлаққап-2дана, т.б. сыйлықтар да бар. Жарыстың қорытындысы мамыр айының соңында шығарылады. Барлық қатысушыларымызға сәттілік тілейміз.