Наурыз-мерекем, Наурыз-берекем. » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурыз-мерекем, Наурыз-берекем.
17
март
2023

Наурыз-мерекем, Наурыз-берекем.

Түркі тілдес халықтарға ортақ мейрам деп есептелетін Наурыз мейрамы Әл-Фараби атындағы орта мектебінің ұжымы мен оқушылары  үшін орны бөлек, ерекше думан. Мектеп ауласында "Наурыз-мерекем, Наурыз-берекем" тақырыбында үлкен іс- шара өткізілді. Сахна мен мектеп ауласы мерекеге сай безендіріліп, көпшілікке ерекше мерекелік көңіл-күй беріп тұрды.   Іс-шара үш кезеңнен тұрды: 
1. Мерекелік концерт
2. Ұлттық спорт ойындар
3. Қазақтың дастарқаны- наурыз көже.
Мерекелік іс-шараны Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Қ.Райымбеков ашып, ұстаздармен оқушыларды наурыз  мерекесімен құттықтады. Ары қарай мерекелік концерт Қыдыр атаның батасымен басталып, шашу шашылып,  "тұсау кесу" дәстүрімен жалғасын тапты. Сондай-ақ, ұлттық киімдегі өнерпаз оқушылар "наурыз" туралы әсем әндер шырқап, мың бұралған бишілер әсем билерін тарту етті. Оқушы қыз-жігіттер сахна төрінде айтысып, қойылымды қыздыра түсті. 
Мерекелік іс-шараның 2-бөлімі спорттық ойындармен жалғасты. Палуан ұстаздар гір тастарын көтеріп жарысса, басқа ұстаздар мен қонақтар арқан тартысып жарысты. Жеңімпаздар марапатталып, барлық жиналған көпшілік ақ дастарқанға отырып, "наурыз көжеден" дәм татты. Осылайша Ұлыстың ұлы күні өзінің сән-салтанатымен жоғары деңгейде аталып өтті.
[media=https://www.facebook.com/100085926759904/videos/pcb.1279915329400226/156109110666350]