Күзгі демалыстағы кітапханаға саяхат » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күзгі демалыстағы кітапханаға саяхат
04
ноябрь
2021

Күзгі демалыстағы кітапханаға саяхат

Әл –Фараби атындағы орта мектептің  6 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекші Г.К. Кашкинбаевамен бірге  1  қараша  күні күзгі демалыс кезінде «Кітап-ғажайып қазына» тақырыбында ауданымызда орналасқан  кітапханаларға  саяхат жасады. Саяхаттың  мақсаты – білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндір, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. 
      Балалар кітапханасының  меңгерушісі Кішкенебаева Лаура Өсербекқызы    оқушыларды  бөлімде ұйымдастырылған «Балалар әдебиеті», «Тәуелсіздік жетістіктері», «Ертегілер елінде» атты кітап көрмелерімен таныстырды. Орталық кітапханада оқырмандарға кітап беру бөлімінің кітапханашысы Райымқұлова Айнұр Қырғызбайқызы оқушыларға кітапханада кітаптар қалай қойылады, кітаптардың түрлерін, кітапханаға жазылу үшін не керектігі туралы ақпарат берді. Оқушылар кітапты қалай қолдануын, өзіңді кітапханада қалай ұстау керектігі туралы сұрақтарға жауап берді. Саяхат қызықты өтті және оқушылар болашақта кітапханаға  жиі келетіндерін айтты.