Жыр алыбы-Жамбыл"атты тақырыбында ZOOM платформасы і арқылы онлайн конференциясы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жыр алыбы-Жамбыл"атты тақырыбында ZOOM платформасы і арқылы онлайн конференциясы
26
февраль
2021

Жыр алыбы-Жамбыл"атты тақырыбында ZOOM платформасы і арқылы онлайн конференциясы

Биыл Киелі Жамбыл жерінде ұлы ақын, жырау, жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл Жабаев атамыздың туылғанына 175 жыл толуына және Ленинград блокадасының жойылғанына 77 жыл толуына   байланысты жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, өз Отанына деген жанашырлық пен мақтаныш сезімін қалыптастыру мақсатында  25ақпан күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінің оқушылары Ленинград облысы,Тихвин қаласында орналасқан №4 мектеп оқушыларымен "Жыр алыбы-Жамбыл"атты тақырыбында ZOOM платформасы әлеуметтік желісі арқылы онлайн конференция өткізді.

Мақсаты:

Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын жастардың жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю,оны бағалай білуге баулу.

Жамбыл Жабаевтың 175жыл мерей тойын тойлап отырған"Ленинградтық өренім"  өлеңінің авторы Жамбыл Жабаевтың өміріне арналды. Біз өзіміздің жерлесімізді Ресей оқушыларына барынша көп мағлұмат беруге тырыстық.Онлайн конференцияны екі мектептің директоры  құттықтау сөзімен ашты.Әл Фараби атындағы орта мектебінің директоры Нетаева Елмира Аягановна Жамбыл Жабаевтың 175жылдық мерей тойымен құттықтау жылы лебізін білдірді. Конференциямыздың жалғасын атап айтқанда Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығына арналған слайд көрсетілді. Айтыскер ақын ретінде  Жамбыл мен Айкүмістің арасындағы айтыстан үзінді көрсетілді. Мектебіміздің педагог ұйымдастырушысы Райымбекова Динара Батырбекқызымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тастанбеков Берік Жандосұлы айтысты нақышына келтіріп орындап шықты. Жамбыл атамыз жазған өлеңдерінен "Балаларыма"атты өлеңің мектебіміздің ән-күй пәнінің ұстазы Адильбекова Арайлым Даниловна орындады.Мектептің 9"Ә"сынып оқушылары Қаржаубай Олжас пен Бақтияров Дарын Жамбыл атамыздың күйлерін нақышына келтіріп орындап шықты.Мектеп оқушыларының орындауындағы  Жамбыл атамыздың жазған өлеңдерінің бірі атап айтқанда " Ленинградттық өреңім"атты өлең Ленинградттағы блокадасындағы азаматтарға соғыс кезінде керемет күш жігер,рұх берді. Жамбыл Жабаевтың ұрпағы екенімізді мақтан етеміз. Онлайн конференция Ресеймен қазақ оқушыларының арасында өте жоғары деңгейде өтті.Қашықтықтан оқу кезеңінде осындай керемет кездесулер, онлайн режимде көптеп ұйымдастырамыз. Болашақта осы мектеп арасында қарым-қатынасымыз  ары қарай жалғасын табады деген сенімдеміз. Қазақстанмен Ресей арасындағы достық қарым-қатынас жалғасын ары қарай табады деген ойдамыз.