"Ауғанның асуында от кешкендер" атты тақырыбында тәрбие сағаты » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ауғанның асуында от кешкендер" атты тақырыбында тәрбие сағаты
15
февраль
2021

"Ауғанның асуында от кешкендер" атты тақырыбында тәрбие сағаты

Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Осыған орай ақпан айының 15 жұлдызында Әл-Фараби   атындағы  орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джуманбаева Аида Калменқызы "Ауғанның асуында от кешкендер" атты   тақырыбында 9"Ә"сынып оқушыларымен тәрбие сағат өткізді.    

Тәрбие сағаттың  мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім ұялатып, оқушыларға зұлмат соғыстың адамзат баласына әкелген қайғы-  қасіреті жөнінде мәлімет беру. Ардагерлердің ерліктері туралы баяндалып, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырып, насихаттайды. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, есімдерін қастерлеу, Ерлігі ұмытылмас батыр ағалардың есімі   мәңгі жасай беретінін  таныту еді.