Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі! » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі!
04
август
2020

Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі!

Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері өзара тығыз байланысты!

Баланың қалыпты дамуына нәсілге бөлінуші және экстремистік сайттар, есірткілер, порнография және т.с.с. туралы ашық ақпараттар қауіп төндіреді. Ғаламтор қойнауы адамгершілік құндылықтармен қатар, қаржылық – зиянды бағдарламалар: құрттар, вирустар, «қоңырау шалулар» тәрізді қауіптерге душар етуде.

Өз балаларыңыздың Ғаламтор желісінде еркін жүзуіне жол жібермеңіздер: Ғаламторға қол жеткізуді бақылау қажет, тыйым салынған сайттарға шығуды, экстремизм, деструктивті діни ағымдар, құмар ойындар, нашақорлық және т.б. насихаттаушы қауіпті ресурстарды шектеу керек. Компьютердің, планшеттер мен смартфондардың браузерлеріндегі сайттарға кіру тарихын үнемі қадағалап қарап отыруға кеңес береміз, әсіресе, Сіздің балаңыз тіркелген YouTubeканалына назар аударыңыздар.

Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», инстаграмм әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар.

Қаперіңізде жүрсін. Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Балаңыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамауын талап етіңіз.

Құрметті ата-аналар, тыйым салынған сайттарды пайдалануды шектеу мен тыйым салу бойынша шараларды іске асырыңыз, жеке компьютерлерге, ноутбуктер, планшеттер мен смартфондарға «Ата-ана бақылауы» сервисін қоюға кеңес береміз.

 

Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі!

 

Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі!