«Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» мектеп бітіру іс-шараларының мәліметі » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» мектеп бітіру іс-шараларының мәліметі
04
июнь
2020

«Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» мектеп бітіру іс-шараларының мәліметі

        2019-2020 оқу жылын аяқтау дәстүрлі жылдан бөлек «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» мектеп бітіру кештерін өткізудің тұжырымдамасы негізінде  
Әл-Фараби атындағы орта мектебінде  4 маусым күні сағат 10:00 де  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен, бекітілген тәртіпте мектеп түлектеріне салтанатты түрде аттестат тапсыру рәсімі өтті. Биыл мектебіміз  бойынша 9 түлек үлкен өмірге қанат қақты.
        Мерекелік шара мектеп қабырғасында, таза ауада, тек 11 сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен және барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Түлектер арасында ара-қашықтық, маскалық режим және қатысушылар санын шектеу талаптары сақталды. Салтанатты іс-шара мемлекеттік гимн орындаумен ашылып, мектеп директоры Елмира Аягановна Нетаеваның «4 маусым –ҚР Мемлекеттік Рәміздер күні» меркесімен және түлектерге арналған құттықтау сөзімен басталды.
      Сонымен қатар түлектердің ата-аналары, сынып жетекшісі өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып, жиын соңында түлектермен бірге арнайы алып келген гүл көшеттерін отырғызумен аяқталды..
Іс-шараның өткізілуі мектеп сайтында және фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды.
«Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» мектеп бітіру іс-шарасы құтты болсын!
Ақ жол!
Үлкен өмір жолына сәт сапар!