01
март
2020
1 наурыз - алғыс айту күні.
Әл-Фараби атындағы орта мектепте бастауыш сынып оқушылары Алғыс айту күніне мерекелік іс- шара ұйымдастырды. Бұл іс шараға бастауыш сыныптың ата аналары да қатысты. Мереке бастауыш сынып оқушыларының әдеби музыкалық композициясынан басталды. Оқушылар отанға, ата анаға ұстаздарға, бауырларға алғыстарын білдірді. Бастауыш сынып оқушылары әр ұлттың билерін билеп, әндерін айтты. Ұстаздарға жақсы тілектерін білдіріп, алғыстарын айтты. Алғыс айту күніне арналған іс шара өте жақсы деңгейде өтті.