«Абай дәстүрі» атты ізденіс сабағы туралы мәлімет » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абай дәстүрі» атты ізденіс сабағы туралы мәлімет
27
февраль
2020

«Абай дәстүрі» атты ізденіс сабағы туралы мәлімет

Әл-Фараби атындағы орта мектебінің 5 «Ә» - 6 «Ә» сынып оқушылары Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында Ұлы Абайдың – 175 жылдығына орай аудандық кітапханада өткен «Абай дәстүрі» атты ізденіс сабағын өткізді.Бұл сабақтың мақсаты : ұлы кемеңгер Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттау.

 Кітапхана қызметкерлері оқушыларды  Ұлы Абайға арналған бұрыштарымен таныстырып,  ақын туралы көптеген мәлімет анықтамалар айтып, көрсетіп отырды. Кітапхана қызметкерлері  Абай шығармаларын таратып, оқушылар  Абай өлеңдерін таласа оқып,  өздері жатқа Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін айтты.  Осылай  оқушылар «Абай дәстүрі» атты  ізденіс сабағына белсене қатысты.