Психологиялық кеңес беру айлығы туралы. » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психологиялық кеңес беру айлығы туралы.
03
февраль
2020

Психологиялық кеңес беру айлығы туралы.


    Әл-Фараби орта мектебінде  Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің оқу әдістемелік кабинетінің 13.01.2020 жылдың хатына сәйкес  мектепте психологиялық кеңес беру айлығының жоспары құрылып, бекітілді.Жоспар бойынша 14 қаңтар күні  мектеп  психологтары Р.С.Алимбекова мен  Г.Т.Касымбекова  «Мейірімді жүрек- жылы тілек» тақырыбында психологиялық апталықтың ашылу салтанатына  6-7, орыс сынып оқушылары арасында флешмоб ұйымдастырды. Флешмобқа 25 оқушы қатысты.

14 қаңтар күні 6-шы сынып оқушыларымен жеткіншек жастағы оқушыларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудегі қақтығыстардың туындау себептерін және психикалық ауытқушылыққа бейім балаларды анықтау үшінпсиходиагностика жүргізу үшін сауалнама алынды. Алынған  сауалнаманың қорытындысы жасалды.

15  қаңтар «Мен  өмірді  сүйемін» тақырыбында мектеп  психологтары

 Р.С.Алимбекова, Г.Т.Касымбекова  тренинг жүргізді.

16 қаңтар күні  «Баршаға бақыт тілейміз» 5-7 сынып оқушыларымен акция  өткізілді.

20 қаңтар «Отбасым алтын діңгегім» 6-11 сынып оқушыларымен «Мен өз отбасыммен» тақырыптарында  эссе жазу байқауы өткізілді.Эссені үздік жазған оқушылар саны 3-4 сыныптан - 25 оқушы, 5-7 сыныптан 10 оқушы, 8-10 сыныптан- 20оқушы. Барлығы-55.

22 қаңтаркүні 5-7 сынып оқушыларымен «Ашу дұшпан –ақыл дос», «Жақсы көңіл-күйге шақырамыз»   тақытыптарында  Р.С. Алимбекова ,

 Г.Т.Касымбекова психологиялық тренингтер жүргізілді. 

24 қаңтар «Бала  біздің  болашағымыз!» тақырыбында  педагог –психолог  Алимбекова Р.С.,Касымбекова Г.Т. ,ата-аналарға  кеңес  берді. «Ата ана  мен бала  арасындағы қарым  қатынас»тақырыбында  ата-аналармен тренинг  жүргізді.

29 қаңтар «Мен таланты  жанмын» тақырыбында   оқушылар  сурет салу байқауы өткізілді.