Жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» туралы мәлімет » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» туралы мәлімет
24
январь
2020

Жалпыреспубликалық «Адалдық сағаттары» туралы мәлімет

2020 жылдың  24  қаңтар күні сағат 10:00 де Әл – Фараби атындағы орта мектепте  «Адалдық сағаттары» бірыңғай  жалпыреспубликалық  акциясы өтті.  

Іс-шараның  негізгі мақсаты:қоғамда,әсіресе жастар арасында «парасаттылық,әділдік,шынайылық» ұғымдарын трендке айналдыру,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. 

2050  жылы 30 дамыған елдердің қатарына қосылған, бәсекеге қабілеті, саналы, экономикасы дамыған парасатты мықты мемлекет қалыптастыра, парасат пайымы ұшқыр, жан жақты тұлғалардың санын көбейтуге ат салысу болып табылады.Бұл іс-шараға 5-11 сыныптың оқушылары  толық қамтылды. 5-8   сынып оқушыларының арасында  сынып сағатары,  9 -11 сыныптар арасында лекция,кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға , 9 -11 сыныптардың оқушылары,мектеп әкімшілігі қатыстырылып,қонақ ретінде ауған соғысының ардагері Алексей Иванович Шамшура шақырылды. 

Шара барысында лекторлар адамзаттың бойында бұрыннан қалыптасқан адалдық пен әділдік құндылықтарының қасиетін айтып, тағылымға толы тарих беттеріндегі әділдікті ту еткен тұлғалардың туралығына тоқталды. Сондай-ақ, Елбасы биылғы жылды«Еріктілер жылы» деп жариялап, ел жастарына зор сенім білдіргендігін, Қазақстанның жарқын болашағы – бүгінгі жас буынның қолында екендігін жеткізді. 

 «Адалдық сағатында» оқушыларға арнайы әзірленген бейнероликті көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі жіті түсіндірілді.