Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған іс шаралар туралы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған іс шаралар туралы
05
октябрь
2019

Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған іс шаралар туралы

Әл Фараби атындағы орта мектепте   Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған іс шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Ұстаздар мерекесіне арналған  плакаттар байқауы ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушыларының арасында «Менің сүйікті ұстазым» атты бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды. Ең үздік бейнероликтер мектепте ұйымдастырылған Мұғалімдер күні мерекесінде көрсетілді. Әр сыныптар «Ұстаздарға мың алғыс»   тақырыбында  өздерінің алғашқы ұстаздарымен, ардагер ұстаздарымен кездесу ұйымдастырды.   5-10 сыныптар арасында «Менің сүйікті ұстазым» тақырыбында эссе, шығарма байқауы ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда «Ұстаз ұлы есім атты бірыңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. 1  қазан  күні мектебімізде  дәстүрлі мұғалімдер мерекесі ұйымдастырылды.  Мерекеге мектебіміздің ардагер ұстаздары шақырылды. Атап айтар болсақ, Досымбек Р.А. Наджибова З.М.  Мұғалімдер  күні өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  9 А және 9 Ә сынып оқушылары әдеби музыкалық композиция қойып, әндер айтты, билер биледі,  мұғалімдер өмірінен қызықты  қойылымдар көрсетті. Мектеп директоры Е.А. Нетаева бастаған  мұғалімдер ұжымы ардагер ұстаздармен бірге мектеп ауласында күздік ағаштарды отырғызды.  Бұл дәстүр өз жалғасын   табады.