» » «Әкелер бізде қонақта» атты онкүндік туралы мәлімет

 
 
 

«Әкелер бізде қонақта» атты онкүндік туралы мәлімет

Автор: admin от 2-10-2019, 06:42, посмотрело: 17

0

Мектебімізде  18-30 қыркүйек аралығында  отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке рөлін арттыру мақсатында  «Әкелер бізде қонақта» атты онкүндік   өтті. 1-11 сынып арасында «Мен және менің отбасым», «Менің әкем  -ғажап жан», «Әке жолы  ө ізгі жол»  атты бірыңғай өнеге сағаттарын ұйымдастырды.  Мектеп оқушылары «Әке жұмысындағы бір күн» тақырыбында бейнероликтер байқауын ұйымдастырды.   Оқушылар өздерінің   әкелерінің жұмыс орнына барып, бейнероликтер жасады. Мектептің педагог ұйымдастырушысы  Райымбекова Д.Б. және мектеп тәлімгері Иманбаева Д. «Менің әкем – мен үшін дара тұлға» атты мәтінді, қанатты сөздерді мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды. Байқаудың Бас жүлдесін  8 Ә сынып оқушысы Қаржаубай Олжас иеленді.  Бастауыш сыныптың оқушылары арасында «Жан әкем –жан жүрегім» тақырыбында әке туралы балалардың шығармашылық жұмыстарынан  көрме ұйымдастырылды. Мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері 5-8  сыныптар арасында «Әкелермен ғажайып алаңда» атты спорттық жарыстар ұйымдастырылды.  Бұл жарысқа 5-6 сыныптың  әкелері қатысты.    30  қыркүйек күні «Әке – отбасының  тірегі» атты  форум ұйымдастырылды.  Әкелер онкүндігі  Әл Фараби атындағы орта мектепте жақсы ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.