» » "Тіл мерекесіне" байланысты өткізілген іс шаралары туралы

 
 
 

"Тіл мерекесіне" байланысты өткізілген іс шаралары туралы

Автор: admin от 10-09-2019, 12:08, посмотрело: 69

0

Мектебімізде Тіл мерекесіне байланысты көптеген іс -шаралар ұйымдастырылды. Мектепте  Тіл мерекесіне арналған іс - шаралар  жоспары құрылды. Мектеп фойесінде плакаттар байқауы ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасында «Тіл-  әр халықтың байлығы» атты бұрыш ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда «Тіл - халықтар достығының кепілі» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастырылуымен  8-10 сыныптар арасында «Ахмет Байтұрсынұлы және Мәңгілік ел мұраты» атты аудандық шығарма байқауына Төрехан Ақмарал, Жасмин ал орыс сыныптардың  10-11  сыныптарында «Язык - основа дружбы» атты эссе байқауына  11 сынып оқушысы Абдуллаева Мадина қатысты. Аудандық «Тіл  - достықтың алтын көпірі» атты өзге ұлт өкілдері арасында аудандық мәнерлеп оқу байқауына қатысып, жүлделі  2 –ші орынды иеленді. Күрд тілі пәнінің мұғалімдері «Язык - источник для дружбы и согласия» атты әдеби музыкалық композицияны, ал орыс тілі пәнінің мұғалімдері Абай өлеңдерінен мәнерлеп оқу байқауын  ұйымдастырды. Қазақ, орыс, түрік, күрд, ағылшын  ұлттарының арасында Ұлттар фестивалі ұйымдастырылды. Мектепте Тіл мерекесіне арналған  жоспардағы іс -шаралардың барлығы ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.