Білім күні «Саналы ұрпақ жарқын болашақ» тақырыбында өткізілген жиыны » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім күні «Саналы ұрпақ жарқын болашақ» тақырыбында өткізілген жиыны
02
сентябрь
2019

Білім күні «Саналы ұрпақ жарқын болашақ» тақырыбында өткізілген жиыны

 1 қыркүйек күні Әл Фараби атындағы орта мектептің алаңында  «Саналы ұрпақ  - жарқын болашақ» тақырыбында Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға мектептің барлық   ұстаздары, оқушылары және ата аналар қатысты. Мектепке жиын қонағы ретінде мектебіміздің ардагер ұстазы Наджибова Зухра Махамматовна келіп, сөз сөйледі. Жиын талапқа сай, жоспарлы түрде өтті. Алғашқы қоңырауды соғу  11  А сынып оқушысы Алиева Каве мен  1 Ә  сынып оқушылары Әлмен Жанель  мен Смағұл Ұлжан Жиыннан кейін барлық сыныптарда аталған тақырыпта тәрбие сағаттары өтті. Сынып жетекшілер «Саналы ұрпақ жарқын болашақ» тақырыбында мазмұнды тәрбие сағаттарын өткізсе, мектеп кітапханасында осы тақырыпқа арналған көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар тәрбие сағаттарында салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, жол  қауіпсіздігі туралы баса айтылды. Тәрбие  сағаттарынан кейін мектепішілік ата аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста бірыңғай мектеп формасы және күзгі абаттандыру, көгалдандыру айлығын өткізу мәселесі талқыланды.