Наурыз мерекесін өткізу » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Наурыз мерекесін өткізу
29
март
2019

Наурыз мерекесін өткізу

      Әл-Фараби орта мектебінде  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті. Мектептің акт залында «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік концерт барысында 1-8 сынып оқушылары наурыз туралы өлеңдер оқып, қазақ әндерін шырқап, қазақ билерімен қоса өзге ұлт өкілдерінің де биін биледі. Меркелік концерт соңында оқушыларға «наурыз көже» берілді.


 

 

 

 


       Сонымен қатар,  «Армысың, әз Наурыз!» тақырыбында мектеп ұжымы мектеп ауласында үлкен іс-шара өткізді. Іс-шараға зейнеткер ұстаздар И.Алиев, Р. , және Төле би орталық мешітінің имамы шақырылды. Іс-шара барысында наурыз көже пісіріліп, дастархан жайылды. Жиналған көпшілік дастарханға отырмастан, «Қара жорға» биін биледі. Мектеп ұстаздары халық әндерінен «попурри» айтып, салт-дәстүрлерден үзінді көріністер көрсетті. Сондай-ақ, дастарған басында жиналғандар бір-біріне жақсы тілектерін тілеп, жұмбақ жасырып, мақал-мәтел айтып отырды. Осылайша, мектеп ауласында өткізілген іс-шара шақырылған қонақтарға да, мектеп ұжымына да ұнады. Барлығы көтеріңкі көңіл-күймен хош айтысып, тарқасты.