8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара туралы мәлімет » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара туралы мәлімет
11
март
2019

8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара туралы мәлімет

  Әл-Фараби атындағы орта мектепте 8-наурыз мерекесіне орай «Аналар – асыл жандар!» тақырыбында мектепішілік   іс шара өткізілді. Мерекеге мектебіміздің ардагер ұстаздары қонаққа шақырылды:    Досымбек Райхан Әлмағанбет қызы , Наджибова Зухра Махамматовна.  Ардагер ұстаздарды мектеп директоры Нетаева  Елмира  Аяған қызы құттықтап, өз алғысын білдірді. Мереке  өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды,  әйел ұстаздардың суреттерінен слайд, баннер жасалынды. Мерекеде ұстаздар,  қонақтар бәрі  караокемен бірге ән шырқады. қонақтарға сөз беріліп ардагер ұстаздарымыз өз алғыстарын білдіріп жатты. Мерекеге барлық сыныптың оқушылары қамтылды.    Аналар мерекесіне арналған ән би шашуларын оқушылар қонақтарға арнады.