Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндігі » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндігі
15
октябрь
2018

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері кафедрасының онкүндігі

Тақырыбы:  

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту 

Мақсаты: 

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді  жолдарын айқындау 

Міндеттері: 

1. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді әдіс –тәсілдердермен таныстыру.                                                                                                                                                                                                             

2. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға арналған тиімді әдістер мен технологияларды ұсыну.                                                                                                                                                                           

3. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға арналған дағдыларын тиімді дамытатын әдістемелеріне, технологияларына, әдістері мен тәсілдеріне  үйрететін шебер-сыныптар, , семинарлар, тренингтер өткізу. 

4. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға арналғандағдыларын тиімді дамытатын үлгілі ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар өткізу.                                                                                              

5. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мемлекеттік стандарттың орындалуын қадағалау. 

Күтілетін нәтиже: 

 Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамыту жолдарының жобасы ұсынылады.


 

3-13 қазан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пән кафедрасының онкүндігі өтті. Онкүндік жоспары директор жанындағы кеңесте қаралып, бекітілді. Белгіленген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар,  шеберлік сыныптар, семинарлар, тренингтер бекітілген жоспар бойынша өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша 5-11 сыныптар арасында бақылау жұмысы алынып, мониторингісі шығарылды. 

5-7 сыныптар аралығында тест жұмыстары жүргізіліп, мониторингісі жасалды. 

 5-11 сыныптар арасында бақылау жұмысы алынып, мониторингісі шығарылды. 

Қазақ тілі мен әдебиеті айлығы кезінде қабырға газеттері ілінді. 

5-11 сыныптар пән бойынша жұмыс дәптерлерінің жүргізілуі сарапталып,анықтама жазылды. 

10-12  қазан аралығында үлгерімі төмен және дарынды балалармен жұмыс деңгейі зерделеніп, анықтама жазылды. 

Кафедра мұғалімдері    8 қазанда өз пәндерінен, педагогика, психология, нормативті құжаттар, білім саласы мен бала құқығын қорғау заңдары бойынша тесттер алынды. 

Айлық барысында кафедра мұғалімдері бір-бірімен тәжірибе алмасты. Қазақ мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джуманбаева А.Қ    «Оқушы шығармашылығын арттыруда қолданбалы курстың тиімділігі» тақырыбында шеберлік сыныбын  өткізді. 

Пән мұғалімі Тастанбекова Б.Т . «Қолданбалы курстардың оқушыға тиімділігі» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. 

3-13 қазан аралығында қазақ тілі мен әдебиет пәні кафедрасы мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс түрлі іс-шаралар шеруі өткізілді. Тулегенова Ш.А 7»В»  сыныбындағы «Сан есімді қайталау» сабағы,Тастанбекова Б.Т. 8 «Б» сыныбымен өткізген «Сауда орнындағы қарым-қатынасәдебі»атты ашық сабағы, Жиенбекова Р.Е 9»Б» сыныбындағы «Өз тіліңді құрметте»сабағы  Дүйсекеева А.М. «Қазақтың  ұлттық тағамдары» атты  4 «Б» сыныбында өткізілген сабағы, Джуманбаева А.Қ.-ның 6 «А» сыныбындағы «Астана-бас қала» тақырыбында ашық сабағы,  , Рахимбаева С.Н.9 «Ә» сыныбындағы «Қыз Жібек жыры» атты ашық сабағы,  Басжанова М.Д. 9 «Ә» сыныбындағы «Киім кию мәдениеті»» атты ашық сабағы  өткізілді.. Ашық сабақтар талқыланды. 

           Қазақ тілі мен әдебиет пәні кафедрасының мұғалімдері сыныптан тыс іс-шаралар шеруін де өткізді. Жиенбекова Р.Е.  «Абай дана» атты мәнерлеп оқудан сайыс өткізді, Тулегенова Ш.А. «Үш бәйтерек,үш діңгек Сәкен,Ілияс,Бейімбет» тақырыбында дөңгелек үстел  ұйымдастырды, Тастанбекова Б.Т. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты зияткерлік сайыс сабағы өткізілді, Джуманбаева А.Қ. «Тіл-ұлттың тірегі»» тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырды, Рахимбаева С.Н. «Дархан халықтың дана Абайы» атты сайыс сабағы және Басжанова М.Д. «Ойлай білу -өнер» жарыс сабағы, 

Дүйсекеева А.М  «Көңілді тапқырлар» атты зияткерлік сайыс сабағы  ұйымдастырылып өткізілді.. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы онкүндігі  өз дәрежесінде өтті. 

Бақылау жұмысы қорытындысы бойынша білім сапасы 60 %.