«XXI-ғасырдағы Қазақстандық ата - ана: өз балаңа үлгі бол» атты ата-ана конференцисы туралы мәлімет » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «XXI-ғасырдағы Қазақстандық ата - ана: өз балаңа үлгі бол» атты ата-ана конференцисы туралы мәлімет
13
октябрь
2018

«XXI-ғасырдағы Қазақстандық ата - ана: өз балаңа үлгі бол» атты ата-ана конференцисы туралы мәлімет

2018 жылдың  13-қазан айында  Әл-Фараби атындағы  орта мектепте  «XXI-ғасырдағы  Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» атты ата-ана конференцисы  2, 3, 4 - сынып оқушыларының ата- аналарының арасында өтті. Конференцияның мақсаты  ата- аналарға  педагогико-психологиялық  көмек көрсету болып табылады. Конференцияға  2, 3, 4 - сынып оқушыларының ата - аналары қатысты.  Барлығы   80  ата - ана қатысты.  Бірінші болып мектеп директоры  Е.А. Нетаева сөз алды. Мектеп директоры  ата- аналар мен конференцияға қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап,  конференцияның жұмысына табыс тіледі.  

Сөз кезегін шақырылған қонақтар жалғастырып отырды:

Нұр Отан партиясының өкілі Жаникулова З.М.  ата -аналардың алдында сөз сөйледі.  Ол өз сөзінде мемлекеттің оқушыларға көрсетіп жатқан көмегі туралы айтты.

         Мектеп психологы Амреева С.С.   орыс сыныбында оқитын оқушылардың ата -аналарына конференцияның тақырыбыны байланысты жұмысын бастап, слайд арқылы  психологиялық   кеңесін бастап кетті.  Ол өз сөзінде; 

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – зиянды ақпарат, оның ішінде Интернет желісінде таралатын ақпарат алу арқылы баланың денсаулығына және оның дамуына (физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік) зиян келтіру қаупін жоюды білдіреді. Деп, толықтай ата- аналарға мағұлмат берді. 

Екінші тақырып бойынша; Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу. Сіздердің әрқайсыңыз балаңыздың Интернетті бақылауын дұрыс бақылайсыз ба деген сұраққа ойландыңыздар деген сенімдемін. Бала ойнасын, сурет салсын, мүсін жасасын, конструктор құрастырсын, билесін, қарым-қатынас жасасын. Бала шынайы өмірде өмір сүрсін, ал компьютер ешқайда қашпайды. Бұл жерде асығыстық танытудың қажеті жоқ. Балалық шақ компьютерлік емес, нағыз балалық шақ болсын, деген ой түйіндеді.

Үшінші тақырып бойынша өз сөзін жалғастырды. Тату отбасы, бақытты балалар – Мемлекет гүлденуінің сенімді іргетасыОтбасының беделін арттыру және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі, отбасылық тәрбие тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

 Мектеп психологы Касымбекова М.Ж. қазақ тілінде конференцияны жалғастырып, келесі тақырыптармен жұмыс жүргізді.

Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбында ата -аналарға түсіндіріп, слайд арқылы көрсетті.

Ата - ананың міндеті – мектептен тыс жерлерде баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатынын айтты.  

Келесі мәселе мектеп ортасына деструктивті діни ағымдарды  енгізудің алдын алу шаралары жайлы болды.  Мектепке әр түрлі  діни ағымдағы  киімдеррді киюге қатаң тиым салынғаны туралы айтты.  Қазіргі кезде бұл мәселеге үкімет те баса назар аударып отыр.

         Мектеп психологы Қасымбекова М.Ж.  Отбасылық тәрбиедегі 10 берекесіз  жағдай тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Конференция тақырыптарына байланысты слайдтарды  көрсетіп, өз сөздерін   дәлелдеп отырды.

Конференцияны мектеп директоры Е.А. Нетаева қорытындылады. Конференция  жұмысы  жоғары деңгейде өтті.