«Қауіпсіз мектеп » аудандық акциясының өту барысы туралы
2018-2019 оқу жылы басталысымен 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында республикалық «Қауіпсіз мектеп» акциясы ұйымдастырылды. Осыған орай Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 20.08.2018 жылғы №601 бұйрығы негізінде «Қауіпсіз мектеп» республикалық іс-шаралар акциясының мектепішілік жоспары жасалды. Бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Акцияның мақсатына сәйкес, мектептің оқу сыныптары, мектеп асханалары, спорт залдарының дайындығы, бейне бақылаулардың мектептерде жұмыс жасап тұруы , ғимараттардың өртке қарсы және эпидемиологиялық талаптарға сай болуы жөнінде тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар «Қауіпсіз мектеп» акциясының аясында «Қызыл, сары, жасыл», «Қауіпсіз доңғалақ», «Жаяу жүргіншілерге арнау», «Сіздің жолаушыңыз-бала!», «Жол көлік оқиғасынан зардап шеккен балаға көмектес!», «Жол ережесін білесің бе?» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
5-8 сыныптар оқушыларының арасында ІІБ-нің қызметкерлері аға лейтенант Н.Топашевпен бірге бірнеше қауіпсіздік сабақтары өтті.
Жол қауіпсіздігіне байланысты «Қауіпсіздік шұғыласы» атты сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауы 5-6 сынып оқушылары арасында болды. Байқауға жалпы саны- 18 оқушы қатысты. І орын- Әнепия Жания (5-сынып), ІІ орын-Кафарова Ислима (6-сынып), ІІІ орын- Аразова Дильназ (5-сынып). Оқушыларды мектепішілік оқушылар жиналысында мақтау қағазымен марапатталды.
Сондай- ақ мектеп психологі С.Амреева «Бопсалау және басқа да қылмыстық фактілерді анықтау» бойынша оқушылар арасында жасырын сауалнама өткізді.Сауалнама қорытындысы бойынша бопсалау мен құқықбұзушылық шаралары бойынша нақты дерек байқалмады.
7-8 сыныптары арасында « Жол қозғалысы қатысушыларын жолдағы мұқияттылыққа » шақыру бойынша флешмоб өткізді.
«Қауіпсіз мектеп» бойынша оқушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып алдын - алу шараларының жұмыстары әрі қарай жалғасын табады.