Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Болашақ үшін игілікті іс жаса» тазалық акциясы туралы мәлімет

Автор: admin от Вчера, 04:49, посмотрело: 18

0

     «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспарына сәйкес өскелең ұрпақты әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, жасөспірімдердің назарын қоршаған ортаны қоқыстан тазарту мәселесіне аудару және игілікті істерге жұмылдыру мақсатында  2019 жылдың 15 қазан күні сағат 10 - да «Болашақ үшін игілікті іс жаса» атты тазалық акциясы болды.Акцияға  Әл- Фараби мектебінің жас ұландары қатысты. Бұл акцияның мақсаты өз туған жеріне деген  сүйіспеншілікті  арттыру, өз елінің патриоты болуға  ұмтылдыру болып табылады.

 

 


 

Категория: Мектеп өмірі

 

«Сана парасаттылығы - адал ұрпақ негізі» атты дебат

Автор: admin от 9-10-2019, 06:49, посмотрело: 40

0

9 қыркүйек күні мектебімізде  «Сана парасаттылығы  - адал ұрпақ негізі» атты дебат ұйымдастырылды. Дебатқа  мектептің  9-11 сынып оқушылары қатысты.   Дебат өте қызықты  өтті. Дебатқа   11  А сынып оқушылары  мен  10 А сынып оқушылары қатысты.  

 

«Сана парасаттылығы  - адал ұрпақ негізі»  атты дебат

 

 


Категория: Мектеп өмірі

 

Республикалық Экологиялық сағат

Автор: admin от 7-10-2019, 05:04, посмотрело: 111

0

Әл -Фараби атындағы орта мектепте  Республикалық Экологиялық сағат  ұйымдастырылды.  Сынып жетекшілер 1-4 сыныптар  арасында «Егер жер алма болса», 5-9 сыныптар арасында «Жердің температурасы бар»,  10-11 сыныптар арасында «Мұхиттар қауіпті жағдайда» атты  тақырыптарда экологиялық сағат  өткізді. 8-9-10  сыныптар арасында биология пәнінің мұғалімдері Абдрахманова Д.Т. және Есикбаева А.М.  «Қазақстанның экологиялық проблемалары: өзен, көлдер экологиясы»  атты экологиялық сағат өткізді.  Сағат 12 –де   5-11 сыныптың оқушылары  ағаштар отырғызды. Бірінші ағашты мектеп директоры Нетаева Е.А.  отырғызды.

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

Өзін өзі басқару күні туралы

Автор: admin от 7-10-2019, 04:49, посмотрело: 7

0

4 қазан күні мектебімізде өзін өзі басқару күні болды.  Таңертең оқушылар мектеп дәлізінде  сапқа тұрып,  бір кісідей ұстаздар қауымын әдемі ашық хаттармен ,шарлармен  күтіп алды. Мектеп оқушылары  өздерінің ұстаздарының орнына сабақ берді, мектептің тыныс тіршілігімен  жақын танысты, мұғалімдер қауымына концерттік бағдарлама дайындады.  Өзін өзі басқару күні өте жақсы деңгейде ұйымдастырылды.

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған іс шаралар туралы

Автор: admin от 5-10-2019, 15:59, посмотрело: 6

0

Әл Фараби атындағы орта мектепте   Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған іс шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Ұстаздар мерекесіне арналған  плакаттар байқауы ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушыларының арасында «Менің сүйікті ұстазым» атты бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды. Ең үздік бейнероликтер мектепте ұйымдастырылған Мұғалімдер күні мерекесінде көрсетілді. Әр сыныптар «Ұстаздарға мың алғыс»   тақырыбында  өздерінің алғашқы ұстаздарымен, ардагер ұстаздарымен кездесу ұйымдастырды.   5-10 сыныптар арасында «Менің сүйікті ұстазым» тақырыбында эссе, шығарма байқауы ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда «Ұстаз ұлы есім атты бірыңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. 1  қазан  күні мектебімізде  дәстүрлі мұғалімдер мерекесі ұйымдастырылды.  Мерекеге мектебіміздің ардагер ұстаздары шақырылды. Атап айтар болсақ, Досымбек Р.А. Наджибова З.М.  Мұғалімдер  күні өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  9 А және 9 Ә сынып оқушылары әдеби музыкалық композиция қойып, әндер айтты, билер биледі,  мұғалімдер өмірінен қызықты  қойылымдар көрсетті. Мектеп директоры Е.А. Нетаева бастаған  мұғалімдер ұжымы ардагер ұстаздармен бірге мектеп ауласында күздік ағаштарды отырғызды.  Бұл дәстүр өз жалғасын   табады.

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

Республикалық «Қауіпсіз автобус» акциясының аясында атқарылған іс шара туралы мәлімет

Автор: admin от 5-10-2019, 15:54, посмотрело: 10

0
4  қазан күні   Төле би ауылында  аудандық «Қауіпсіз автобус»  акциясы  ұйымдастырылды. Мектеп  оқушылары  жол қауіпсіздігі    тақырыбына байланысты флешмоб биледі.    5 сынып оқушысы  Тоқташбай Назерке,   6 сынып оқушысы  Русланқызы Аида,  7 сынып оқушысы Кафарова Илина  жол қауіпсіздігіне байланысты  сурет байқауына қатысып,  марапаттау алды. Мектеп оқушылары   жол қауіпсіздігіне байланысты іс шараға белсене қатысқаны үшін ААБ  Алғыс хатымен марапатталды/

 

 


 


 


Категория: Мектеп өмірі

 

Мұғалімдер мерекесі

Автор: admin от 2-10-2019, 06:52, посмотрело: 196

0

1 қазан  күні мектебімізде  дәстүрлі мұғалімдер мерекесі ұйымдастырылды.  Мерекеге мектебіміздің ардагер ұстаздары шақырылды. Атап айтар болсақ, Досымбек Р.А. Наджибова З.М.  Мұғалімдер күні өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 9 А және  9 Ә сынып оқушылары әдеби музыкалық композиция қойып, әндер айтты, билер биледі,  мұғалімдер өмірінен қызықты  қойылымдар көрсетті. Мектеп директоры Е.А. Нетаева бастаған  мұғалімдер ұжымы ардагер ұстаздармен бірге мектеп ауласында күздік ағаштарды отырғызды.  Бұл дәстүр өз жалғасын   табады.

 

 

Мұғалімдер  мерекесі

 

Мұғалімдер  мерекесі

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

«Әкелер бізде қонақта» атты онкүндік туралы мәлімет

Автор: admin от 2-10-2019, 06:42, посмотрело: 18

0

Мектебімізде  18-30 қыркүйек аралығында  отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке рөлін арттыру мақсатында  «Әкелер бізде қонақта» атты онкүндік   өтті. 1-11 сынып арасында «Мен және менің отбасым», «Менің әкем  -ғажап жан», «Әке жолы  ө ізгі жол»  атты бірыңғай өнеге сағаттарын ұйымдастырды.  Мектеп оқушылары «Әке жұмысындағы бір күн» тақырыбында бейнероликтер байқауын ұйымдастырды.   Оқушылар өздерінің   әкелерінің жұмыс орнына барып, бейнероликтер жасады. Мектептің педагог ұйымдастырушысы  Райымбекова Д.Б. және мектеп тәлімгері Иманбаева Д. «Менің әкем – мен үшін дара тұлға» атты мәтінді, қанатты сөздерді мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырды. Байқаудың Бас жүлдесін  8 Ә сынып оқушысы Қаржаубай Олжас иеленді.  Бастауыш сыныптың оқушылары арасында «Жан әкем –жан жүрегім» тақырыбында әке туралы балалардың шығармашылық жұмыстарынан  көрме ұйымдастырылды. Мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері 5-8  сыныптар арасында «Әкелермен ғажайып алаңда» атты спорттық жарыстар ұйымдастырылды.  Бұл жарысқа 5-6 сыныптың  әкелері қатысты.    30  қыркүйек күні «Әке – отбасының  тірегі» атты  форум ұйымдастырылды.  Әкелер онкүндігі  Әл Фараби атындағы орта мектепте жақсы ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

«Әке - алыбым, асқар тауым» атты қанатты сөздерді мәнерлеп оқу байқауы

Автор: admin от 27-09-2019, 07:08, посмотрело: 111

0

26  қыркүйек күні мектебімізде  «Әке - алыбым, асқар тауым» атты  қанатты сөздерді мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.  Байқау 5-8 сынып оқушыларының арасында болды. Байқау өте жоғары деңгейде өтті. Бас жүлдені  8  Ә сынып оқушысы Қаржаубай Олжас иеленді.


 

 

Категория: Мектеп өмірі

 

«Жастар жылы» аясында «Биле, биле» атты аудандық би фестиваліне қатысуы туралы

Автор: admin от 27-09-2019, 07:05, посмотрело: 8

0

27  қыркүйек күні қалалық мәдениет үйінде   «Жастар ресурстық орталығы» КММ нің ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында «Биле, биле» атты аудандық би фестиваліне мектебіміздің 11 сынып оқушылары қатысып, жүлделі 3орынды иеленді.

Құттықтаймыз!

 

 

Категория: Мектеп өмірі

 
Назад Вперед