Конкурстық комиссия отырысының №6 хаттамасы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конкурстық комиссия отырысының №6 хаттамасы
15
сентябрь
2022

Конкурстық комиссия отырысының №6 хаттамасы

Шу ауданының білім бөлімінің

«Әл-Фараби атындағы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау лауазымнан босату  туралы конкурстық комиссия отырысының

№6 хаттамасы 

15 қыркүйек, 2022 жыл

Қатысқандар: 

Конкурсттық комиссия   құрамы-7

Қатысқаны-5 офлайн,1 онлайн

Қатыспағаны-1 себепті

Күн тәртібінде:

1.Мектептің атынан жарияланған   вакансиялық  бос немесе уақытша бос лауазымдық орындарға конкурс өткізу туралы 

Тыңдалды: директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, конкурстық комиссия төрағасы Тунгатаров Асхат Асанбекович сөз алды.Ол өз сөзінде «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау лауазымнан босату   қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы білім беру және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпаныдағы № 57 бұйрығын басшылыққа ала отырып төмендегі құрамда конкурстық комиссия құрамы бекітілгендігін айтты.

  1. Тунгатаров Асхат Асанбекович -директордың оқу әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, конкурстық комиссия төрағасы;
  2. Әметқызы Сержангүл- АББ әдіскері, конкурстық комиссия мүшесі(келісім бойынша);
  3. Әлім Ғабит-Шу ауданының «Адалдық алаңы» эксперті, конкурстық комиссия мүшесі
  4. Гладченко Галина Ивановна - директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; конкурстық комиссия мүшесі;
  5. Бакбергенова Гульнар Батырхановна - кәсіподақ комитетінің төрайымы, конкурстық комиссия мүшесі;
  6. Дуйсебаев Арман Мергенович –денешынықтыру пәнінің мұғалімі, конкурстық комиссия мүшесі;
  7. Чахалова Гульнара Мустафаевна-бастауыш сынып пәнінің мұғалімі, конкурстық комиссия мүшесі;
  8. Абжанова Асия Ахметовна - бастауыш сынып мұғалімі, конкурстық комиссия хатшысы.



1.Мектептің атынан жарияланған    вакансиялық  бос  орынға химия   пәнінің мұғалімі (орыс сыныптарына)лауазымына Абдулаева Ляззат Апрельбековна педагог статусына тестілеуден өткен анықтамасымен  қоса №57 бұйрықтың 107 қосымшасына сәйкес төмендегі аталған құжаттарды ұсынды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

     6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы болды.

Осы ұсынылған құжаттарды басшылыққа ала отырып конкурсттық комиссия өткізілді.Конкурсттық комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды сараптай отырып, 11 қосымшадағы  тиімділік көрсеткішінің  максималды баллын есептегенде Абдулаева Ляззат Апрельбековна 18,5 балл болғандығын атап айтты. Абдулаева Ляззат Апрельбековна лауазымдық  бос орынға ұсынылды. 

        Ал мектептің атынан жарияланған   вакансиялық  бос   орынға орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі (орыс сыныптарына)лауазымына ешкім конкурсқа қатысуға құжаттар өткізбеуіне байланысты конкурс өтпеді деп есептелді.


Конкурс қорытындысы

       «Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ-нің 2022 жылдың  қыркүйек айының 15-і күні өткен  педагогтарды қабылдау бойынша конкурстан өткен мына төмендегі үміткер   бос лауазымдық орынға қабылдауға ұсынылды



Конкурстан өткен үміткер тізімі


Үміткердің аты-жөні

Мамандығы 

ЖСН

Ұпайы

Конкурстық комиссия шешімі

1

Абдулаева Ляззат Апрельбековна

Химия пәнінің мұғалімі

850118402116

18,5 балл

Комиссия құрамы Сагырбаев Канат Нурмаганбетовичті конкурстан өтті деп есептеп шешім шығарды


«Әл-Фараби атындағы орта мектебі» КММ педагогтарды 

қабылдау бойынша конкурсқа жауапты комиссия төрағасы, 

директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары:                  А.А.Тунгатаров