Әл-Фараби атындағы орта мектебінің ата-аналарының НАЗАРЫНА!!! Су қоймаларының жанында абай болыңыз! » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әл-Фараби атындағы орта мектебінің ата-аналарының НАЗАРЫНА!!! Су қоймаларының жанында абай болыңыз!
28
июль
2020

Әл-Фараби атындағы орта мектебінің ата-аналарының НАЗАРЫНА!!! Су қоймаларының жанында абай болыңыз!

Су қоймаларында балалардың қайғылы жағдайларға ұшырауын талдау бойынша суға батқан жасөпірімдердің 50%-ы баланың суға батып бара жатқанын уақытында байқай алмаған ата-аналарымен бірге жүрген болса, қалған жартысы ересектердің қарауынсыз жүрген балалар болып шыққан. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Су қоймаларының маңайында жалғыз серуендеуге рұқсат бермеңіздер. Суда балалармен бірге серуендеу кезінде оларды қарап отырыңыз, әсіресе, суға шомылу кезінде жалғыз қалдырмаңыздар. Тіпті суы таяз жерде де олармен бірге болыңыздар. Сырғанауға арналмаған заттармен сырғанақ тебуге жол бермеңіз. Сақ болыңыздар, балаларға көмек керек болып жатса, оған немқұрайлы қарамаңыздар.

       Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін бірнеше қағидаларды есте сақтаған жөн:

     Демалыс орындарын, судың тереңдігін,су түбінде тырбиған ағаш, балдыр немесе балшық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Таныс су қоймаларының арналары мен түбі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін.

Суға шомылып жүрген балаларды ересектер үнемі бақылауда ұстауы тиіс.

        Егер ересек балалар өз беттерімен шомылуға кетіп бара жатса, құтқарушы мен медбике посты бар жағажайларға баруын қадағалаңыздар. Балаларға жүзуді үйретіңіз, сонымен қатар әр түрлі төтенше қиын жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін де үйретіңіз.

 #СУДА ДЕМАЛА ЖҮРІП, ЖАҒАДА НЕМЕСЕ СУДЫҢ ІШІНДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР БАР ЕКЕНДІГІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ.

#ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ–СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ.

#Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды!

Әл-Фараби атындағы орта мектебінің ата-аналарының НАЗАРЫНА!!! Су қоймаларының жанында абай болыңыз!

 

Әл-Фараби атындағы орта мектебінің ата-аналарының НАЗАРЫНА!!! Су қоймаларының жанында абай болыңыз!

 

Әл-Фараби атындағы орта мектебінің ата-аналарының НАЗАРЫНА!!! Су қоймаларының жанында абай болыңыз!

 

Әл-Фараби атындағы орта мектебінің ата-аналарының НАЗАРЫНА!!! Су қоймаларының жанында абай болыңыз!

 

 

 


 

 Әл-Фараби атындағы орта мектеп әкімшілігі