Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

1-мамыр халықаралық ынтымақ күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы

Автор: admin от 3-05-2019, 13:28, посмотрело: 214

11

1-мамыр халықаралық ынтымақ күніне орай 4-сыныптар арасында «Ұлт бірлігі ұлы- байлық» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.  Бұл тәрбие сағатында  оқушылар ұлт бірлігі, достық, бейбітшілік туралы толық мағлұмат алды. Оқушылар әртүрлі ұлттардың билерін билеп, әндерін,тақпақтарын айтты. Мереке өте қызықты және тартымды өтті.

 

 

 


Категория: Мектеп өмірі, Галерея

 

Туған өлкенің киелі жерлеріне саяхат

Автор: admin от 15-04-2019, 20:48, посмотрело: 201

11

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2019жылдың 9-сәуір күні,  Әл – Фараби атындағы орта мектептің 8-9 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Х –ХII ғасырда пайда болған Қорғаншы қаласына жас өлкетанушылармен,  география, тарих пәндері мұғалімімен бірге саяхат жасады. Сонымен қатар қайырылымдық  жобасы ретінде басы  көтерілген зиярат орны  Нұрбұлақ барып, зират орнымен, ежелгі Сақ дәуірінен қалған үш патшаның мазарымен , өлкенің ежелгі тарихи деректерімен танысты. Саяхат мектеп оқушыларына қатты ұнады.

 

 

 

Туған өлкенің киелі жерлеріне саяхат

 

 

 

 


Категория: Мектеп өмірі, Галерея

 

Профориентационная работа в школе

Автор: admin от 22-02-2019, 23:00, посмотрело: 3865

26

В целях развития  профессиональной ориентации учащихся    16  февраля для учащихся 10 «А» класса    была организована экскурсия   в  районное отделение АО «Казпочта».  Ребята в ходе беседы с сотрудниками, расширили знания о профессиях  работников социальной сферы, ознакомились с почтовым отделением связи

Также классный руководитель 10 класса Гладченко С.К. организовала  встречу с работниками ЦОН,  где сотрудники радушно встретили и  провели разъяснительную беседу о деятельности данного учреждения, рассказали о нововведениях в центре обслуживания населения.

 

 

 

 

 


 

Категория: Мектеп өмірі, Галерея

 

«Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» сурет байқауы туралы мәлімет

Автор: admin от 25-01-2019, 14:33, посмотрело: 306

3

Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE» Республикалық кең ауқымды акциясының аясында әл-Фараби атындағы орта мектепте 22 қаңтар күні «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім?» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында сурет байқауы өтті. Барлық сыныптар белсенді түрде қатысты, барлығының суреттері тақырып бойынша салынған. Осы байқаудың жеңімпаздары:

1-орын: Тауасар Санжар 1 «ә» - сынып

2-орын: Алиев Асан 4 «б» - сынып

3-орын: Алиева Лязгина 1 «а»-сынып

5-11 – сынып оқушылары арасында «Мен OFFLINE» тақырыбында эссе жазу байқауы өтті. Байқаудың жеңімпаздары: Жалалова Жасмин 8 «ә»-сынып, Абдуллаева Мадина 10 «а» - сынып оқушысы. Осы аталған оқушылар аудандық эссе жазу байқауына қатысты.

 

 

 

 

 


 

 

Категория: Мектеп өмірі, Галерея

 

Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бойынша өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет

Автор: admin от 17-01-2019, 04:36, посмотрело: 512

17

Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарыққа шықты. Осы мақаланың  жеті бағытының аясында әл-Фараби атындағы орта мектепте, қысқы демалыс кезінде 1-11 сыныптар арасында түрлі іс-шаралар өткізілді: презентациялар  байқауы, дөңгелек үстелдер,  саяхат сабағы, конференциялар. Оқушылар саяхатқа шығып, мұражайға  барды және қолдан түрлі қол өнерлер жасады. Ашық сынып сағаттары өткізілді. Іс-шаралардың барлығы жоғарғы деңгейде өтті.

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі, Ата-аналарға, Рухани жаңғыру, Галерея

 

Мектепте Жаңа Жыл шыршаларын өткізу туралы

Автор: admin от 4-01-2019, 12:19, посмотрело: 247

4

    Әл-Фараби атындағы орта мектепте 25-28 желтоқсан аралығында Жаңа жыл шыршасына арналған «Кел Жаңа Жыл жарқырап, шуақты Шу жеріне» тақырыбында ертеңгіліктер және бал-маскарадтар өтті. Ертеңгілікте оқушылар түрлі кейіпкерлерді сомдап, өте керемет өнерлерін көрсетті. Жаңа Жыл мерекесі мектепте өте қызықты өтті.

Мектепте Жаңа Жыл шыршаларын өткізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 


Категория: Мектеп өмірі, Галерея

 

О проведении Часа кода.

Автор: admin от 11-12-2018, 00:03, посмотрело: 233

11

  С 3 по 7 декабре 2018 г. в средней школе  имени Аль-Фараби прошла акция «Всемирный час кода»в рамках Недели компьютерных наук.  Акция была направлена на формирование и поддержку интереса учащихся к изучению информатики и программирования, а также повышению престижности ИТ-специальностей. Был составлен и утвержден план проведения недели.

Уроки проводились В 3-11 классах. На уроках учителя знакомили учащихся с понятиями «информационные технологии и программирование». Затем в игровой форме перед учащимися ставилась цель написания программы по теме, предложенной на портале hourofcode.kz , где учащиеся, выступая в роли программистов, работая в интернете, находили пути решения поставленной задачи. 

Урок проводился в компьютерных классах. В конце урока каждому ученику выдавались сертификаты «За успешное прохождение «Час кода с Minecraft- 2018».

 Всего в акции «Всемирный Час кода» приняли участие 281 учащихся.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

О проведении Часа кода.

 


 

Категория: Мектеп өмірі, Оқушыларға, Ата-аналарға, Галерея

 

«Ертегілер еліне саяхат» мектепішілік байқауы туралы

Автор: admin от 10-12-2018, 00:48, посмотрело: 711

3

Әл-Фараби атындағы орта мектепте 21 – желтоқсан күні бастауыш сыныптар арасында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында мектепішілік іс-шара өтті. Бұл іс-шарада түрлі ертегілерден үзінділер көрсетіліп, оқушылар өздерінің сүйікті кейіпкерлерінің бейнесін сомдады және соларға ұқсап киінді. Іс-шара өте қызықты өтті және бастауыш сынып оқушыларына өте қатты ұнады.

 

 

 

 

 

Категория: Мектеп өмірі, Галерея

 

Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш.

Автор: admin от 6-10-2018, 10:21, посмотрело: 551

13
  5 қазан күні  Әл-Фараби атындағы орта мектебінде ұстаздар күніне орай  оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу мақсатында  7 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері С.Н.Рахимбаева мен Х.А.Дуневтың ұйымдастыруымен   «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!»  атты әдеби- сазды мерекелік кеш өткізілді.
Мерекелік кешті  мектеп директоры Нетаева Ельмира Аягановна ашып,  мектеп ұжымы мен мерекеге арнайы шақырылған , осы мектепте ұстаздық қызметін атқарып, құрметті демалысқа шыққан ардагер ұстаздарымыз :Алиев  Ибрагим Алиевич,Алиева Горчак  Алиевна ,Досымбек Райхан Альмухаметовна , Наджибова Зухра Махаматовналарды  төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады.Мектепке сіңірген еңбектері үшін  бірқатар мұғалімдерге мақтау қағаздармен марапаттап,гүл шоқтарын табыс етті.Ұстаздарымызға оқушыларымыз ән-жырдан шашу шашып, мерекелік кешті қызықты да тартымды өткізді.

 

Ұстаздар күніне арналған  мерекелік кеш.

 

 

 

 

 

 



Категория: Мектеп өмірі, Оқушыларға, Ата-аналарға, Галерея

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу туралы

Автор: admin от 3-05-2018, 19:09, посмотрело: 899

23

    «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуына арналған жоспары жасалынып, мектеп басшысымен бекітілді.

         Жоспарбойынша Тургунбаева А.К. «Творческие личности родного края. Встреча с художником-скульптуром Кали Кораласбаевым» Қали Қораласбаевпен кездесу,  Тайшабарова А.С. «Мұражай -  халықтың рухани қазынасы»,  «Неткен ғажап туған жер», Базарбаева З.А. 6-7 сынып оқушыларымен   орталық кітапханада «Орхон Енисей» ескерткіштерімен таныстырды. Дунаев Х.А. «Исторические личности родного края Саттар Естемесов», «Тұрар Рыскулов – навечно в памяти народа»,  Культурное наследие родного края «Балуан  Шолак» ескерткішіне саяхат жасады. Базарбаева З.А., Тайшабарова А.С., Тургумбаева А.К., Дунаев Х.А.  6-8 сынып оқушыларымен  Баласағұн қалашығына барып, көне қаланың тарихи мұрағаттарымен танысты.

 

 

 

 

 

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Категория: Мектеп өмірі, Рухани жаңғыру, Галерея

 
Назад Вперед