Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Әл-Фараби атындағы орта мектептің «Қамқоршылық кеңес» отырысының №3 хаттамасы

Автор: admin от 8-06-2018, 18:20, посмотрело: 196

0

 Өтілген күні: 05.06.18ж.

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі,  «Қамқоршылық кеңес» мүшелері

 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

 

1.  2017-2018 оқу жылындағы түлектердің мектеп бітіру кешін өткізу

2.  Жазғы сауықтыру лагері

3. Мектеп инспекторының есебі

 Тыңдалды: 1-мәселе

 Сөйледі: Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Е.А.Нетаева сөз алып, жиналысқа қатысушыларды биылғы оқу жылының аяқталуымен құттықтап, енді алдымызда биылғы түлектердің мектеп бітіру кеші туралы айтты.

2017-2018 оқу жылын 17 түлек бітіргелі отыр. Түлектердің арасында ҰБТ-ге қатысуға ниет білдіргені жоқ. Барлығы қорытынды аттестация тапсырады. Биыл республикамыздың барлық мектептерінде мектеп бітіру кеші Астана қаласының-20 жылдығына орай «Ел  жүрегі-Астана» тақырыбында өткізілмек.  Біздің мектебімізде мектеп бітірушілерге арналған салтанатты жиын 15 маусым күні сағат 10.00-да мектеп ауласында өтеді. Салтанатты жиынға Шу ауданының құрметті азаматтары, зейнеткер ұстаздар И.А.Алиев, Р.А.Досымбек, білім бөлімінің әдіскерлері, ата-аналар, мектеп ұстаздары шақырылады.

Тыңдалды: 2-мәселе

Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.А.Тулегенова сөйледі.

-2017-2018 оқу жылында мектеп жазғы сауықтыру алаңы ашылды. Жазға сауықтыру алаңы 4 маусымнан бастап ашылды. Жазғы сауықтыру алаңы 2 маусым жұмыс жасайды. Әр маусым 10 күннен тұрады. 1 маусымда 1-4 сынып оқушылары қамтылса (жалпы саны-120), 2 маусымда 5-7 сынып(жалпы саны-100) оқушылары қамтылады.

Сонымен қатар, жағдайы төмен аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім балалар тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл санаттағы оқушылар саны-11. Аталған балалардың 3-еуі мектеп жанындағы лагерьге тартылса, қалған 8-і сыртқы лагерьге тартылып отыр.

Тыңдалды: 3-мәселе

Күн тәртібіндегі 3-мәселе бойынша мектеп инспекторы Топашев Нұрлан сөйледі.

-Әл-Фараби атындағы орта мектебінде оқу жылының басында ІІБ-мен бірлескен жоспар жасалынып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтсам, кездесулер, дөңгелек үстел, лекциялар, ата-аналар жиналыстары өткізілді. Мереке күндері мектеп мұғалімдерімен бірлесе «Түнгі қала» рейдтері жүргізілді. Нәтижесі қанағаттанарлық. Түнде бейсауат, қаңғыбастықпен ұсталған оқушы жоқ. Мектеп әкімшілігімен бірлесе аз қамтылған, қолайсыз отбасыларға рейд жүргізілді. Мектеп жасындағы балалар саны анықталып, ата-аналармен арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 1 қолайсыз отбасы есепке алынды. Анарбекова Гүлнұр күйеуі абақтыда,жалғыз өзі 2 баласы бар. Ұлы Анарбеков Дінмұхамед 5-сынып оқушысы, қызы Анарбек Айсұлу мектеп алды даярлық сыныбында оқиды. Анарбекова Гүлнұр ішкілікке салынып,  балаларына қарамағандықтан соттың шешімі бойынша уақытша балалары «Жасөспірімдер бейімдеу орталығына» орналастырылды.

Әл-Фараби орта мектебінде ІІБ-де есепте тұрған оқушы жоқ.

                                                           

                                                              Шешімі:

<!-- [if !supportLists] --> 1.      <!-- [endif] --> 2017-2018 оқу жылындағы түлектердің мектеп бітіру кеші «Ел жүрегі-Астана» тақырыбында өткізілсін.

<!-- [if !supportLists] --> 2.      <!-- [endif] --> Мектеп бітіру кеші барысында барлық қауіпсіздік ережелері сақталсын.

3.  Жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы жандандырылсын.

4.   Жазғы сауықтыру алаңына келген оқушылардың өмір қауіпсіздігі күнделікті қадағалансын.

      5.  Ыстық тамақтың сапасы күнделікті тексерілсін.

      6.    Мектеп инспекторының есебі назарға алынсын.

 

 

 

Қамқоршылық кеңес төрайымы:                   Р.А.Досымбек

Қамқоршылық кеңес хатшысы:                      Д.Джамансартова

 

Хаттамамен таныстық:

Қамқоршылық кеңестің мүшелері:

1.Даберов Ербол Затыханович

2. Альмаханов Аят Дыбысұлы

3. Топашев Нұрлан Советханұлы

4. Назирова Айнура Мухияевна

5. Буйенбаева Меруерт Мелісовна

6. Есбергенова Роза Тұрғынқызы

7. Гасанова Р.И.

8. Құттымбетова Зейнекуль Абдыбаевна
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
<!-- [endif] -->

Категория: Ата-аналарға, Әкімшілік

 

Қамкоршылық кеңесі

Автор: admin от 13-01-2018, 03:20, посмотрело: 36562

6165


 Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

«әл-Фараби атындағы орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

 

Бұйрықтан  көшірме

2017  жыл  31  тамыз                                                                             № 71

Төле  би  ауылы

 

«Қамқоршылық кеңес құру туралы»

 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым   министрлігінің  2007  жылғы 22 қазандағы  № 501 «Қамқоршылық  кеңес  қызметінің  және  оны  сайлау  тәртібінің  үлгілік  ережелерін  бекіту  туралы» бұйрығы,  «Білім  туралы» Қазақстан  Республикасы  Заңы  44- бабының  9-тармағына  және  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым   министрлігінің  2017  жылғы  27  шілдедегі   №355  бекітілген  бұйрығына  сәйкес,

БҰЙЫРАМЫН

<!-- [if !supportLists] --> 1.1.             2017-2018  оқу  жылында  мектептегі  жетім,  жартылай  жетім, аз  қамтылған, мүмкіндігі  шектеулі, көпбалалы  отбасы  балаларын  қолдау  мақсатында  төмендегідей  тізімнен  қамқоршылық  кеңес  құрылсын:

1. Досымбек Р.Ә. – ардагер ұстаз., кеңес төрайымы

2.Джамансартова Д. – аудандық аурухана мейірбикесі., кеңес хатшысы

Кеңес мүшелері:

3. Даберов Е.З. – Төле би ауылдық округінің әкімі.

4. Дыбысұлы А. – Төле би ауыл  мешітінің  бас  имамы

5.Топашев  Н.  –  мектеп  испекторы

6.Гасанова  Р. И.  –  ата – аналар  комитетіның төрайымы – үй шаруасында

7.Назирова  А. М. – ата– аналар  комитеті – үй  шаруасында

8. Буйенбаева М.М. – ата– аналар  комитеті – «Раушан» балабақшасында   аспаз

9. Есбергенова Р. – ата– аналар  комитеті – үй  шаруасында

 

1.2 Қамқоршылық  кеңестің  жылдық жұмыс  жоспары  құрылып,  бекітілсін. 

1.3 Осы  бұйрықтын  орындалуын  қадағалау  мектеп  әлеуметтік  педагогы  Н.Аскероваға  міндеттелсін.


Категория: Мектеп, Мектеп өмірі, Ата-аналарға, Әкімшілік

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары/Заместитель директора по воспитательной работе

Автор: admin от 22-04-2016, 09:55, посмотрело: 1294

4
Тастанбекова Бекгуль Турғынбайқызы, 1983 жылы туылған. Жоғары санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімі, 2013 жылы деңгейлік курсын өтті (3 базалық деңгей).

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары/Заместитель директора по воспитательной работе

 


Категория: Әкімшілік

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары/Заместитель директора по воспитательной работе

Автор: admin от 22-04-2016, 09:52, посмотрело: 1077

2
Тулегенова Шолпан Ахметовна, 1968 жылы туылған. Жоғары санатты қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары/Заместитель директора по воспитательной работе

 

Категория: Әкімшілік

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары/Заместитель директора по учебной работе

Автор: admin от 22-04-2016, 09:42, посмотрело: 835

0
Алдибекова Сабира Женисқызы, 1967 г.р.. Учитель русского языка и литературы высшей категории. В 2014 году прошла уровневые курсы по 2 основному уровню.
 

 


 

 

Категория: Әкімшілік

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары/Заместитель директора по учебной работе

Автор: admin от 22-04-2016, 09:32, посмотрело: 906

3
Гладченко Галина Ивановна, 1968 г.р. Учитель математики высшей категории, в 2014 году прошла уровневые курсы (1 продвинутый уровень).
 

 


 

 

Категория: Әкімшілік

 

Мектеп директоры/Директор школы

Автор: admin от 16-03-2016, 08:38, посмотрело: 1043

1
Нетаева Ельмира Аяганова, 1963 года рождения, учитель русского языка и литературы высшей категории

 


Категория: Әкімшілік