Ғылыми жоба "Барлық этностардың мәдени ерекшелігін сақтау жағдайында қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани және мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне азаматтарды араластыру" » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ғылыми жоба "Барлық этностардың мәдени ерекшелігін сақтау жағдайында қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани және мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне азаматтарды араластыру"
20
февраль
2018

Ғылыми жоба "Барлық этностардың мәдени ерекшелігін сақтау жағдайында қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани және мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне азаматтарды араластыру"

Ғылыми жобаның тақырыбы: 

  

  

  

«Мен - Қазақстанның азаматымын»   атты номинациясы бойынша 

( Барлық этностардың мәдени ерекшелігін сақтау жағдайында қазақстандық қоғамның жалпыұлттық рухани және  мәдени құндылықтары мен дәстүрлеріне азаматтарды араластыру) 

  

  

Қазақстандағы барлық этносардың ерекшеліктерін сақтай отырып, тең құқылы  қазақстан азаматын  тәрбиелеу 

Сыныбы: 7 «Ә» 

                                                                Таңдау пәні: Өлкетану 

Жобаны орындаған: Жалалова Жасмин Азаизжанқызы 

Жамбыл облысы .  Шу ауданы.  Төле би ауылы. 

Ғылыми жетекшісі: Тургумбаева А.К. 

  

  

2017-2018 Оқу жылы

  

  

Мазмұны: 

1.Кіріспе бөлімі: 

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру » бағдарламалық мақаласы. 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Тәуелсіздік дәуірі » кітабы. 

2. Зерттеу бөлімі: 

Аудандағы этнос құрамы 

Күрд этносының мәдениеті, салт-дәстүрі,діні,тілі, болмыстық ерекшеліктері,ұлттық құндылықтары өмір сүру ортасы. 

Қорытынды бөлім: 

Қазақстандағы  барлық этносардың ерекшеліктерін сақтай отырып, тең құқылы қазақстан азаматын  тәрбиелеу 

Қолданылған әдебиеттер: 

1. Жақыбаев Ә. Шоқтығы биік Шулықтар-Алматы 2010 -352-б. 

2. Жабағиев Қ.,Жұман Г.,Қойгелдиев М. Шу өңірінің тарихы-Алматы 2010-389-б. 

3.Шу өңірі энциклопедиясы –Асаба баспасы Алматы 2010 -380 –б. 

4.Егорина А.В.,Нуркенова С.Е.,Шимина Е.П.,Алматы : Атамұра, 2017- 224 бет. 

  

  

  

Кіріспе бөлім: 

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. 

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. 

Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арыл­масақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек. 

Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. 

Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. 

Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.   

Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын. 

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. 

Оның екі қыры бар. 

Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. 

Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. 

Әр ұлттың салт-дәстүрлерін, тілі мен музыкасын, әдебиеті мен дінін , бір сөзбен айтқанда қазақстан қоғамына қажет мүшені қалыптастыру. 

Әр ұлттың бойына - Абайдың даналығы мен  Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үнін бойларына сіңіріп, рухани  бай, өрісі кең ,мәдениетті,бәсекеге қабілетті  азаматтар етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің басты міндеті. 

  

   Зерттеу бөлімі:

Аудандағы этнос құрамы 

Ауданда жалпы халық саны 100 мыңға жуық . Ауданда  түрік,орыс, әзірбайжан,неміс, күрд және қазақ ұлттық мәдени орталықтары ұлтаралық ынтымақтастықты қалыптасырумен халықтар достығын арттыру мақсатында әр қоғамдық  саяси ахуалды жандандыру жөнінде ұйымдастырылған. 

Қазақ мәдени орталығының төрағасы М.Әуезов атындағы орта мектебінің директоры Әбенов Жасұлан Әлкенұлы . 

Түрік ұлттық мәдени орталығы 1998 жылы 13- наурызда құрылған Тагиров Бенали Ильясович  төрағалық етіп отыр. 

Орыс қауымдастығы   2003 жылдан бастап жұмыс істейді. Өкілдік төрайымы Агулова Лидия Павловна . 

Әзірбайжан ұлттық мәдени орталығы 2006 жылдың 29 тамызында құрылған.Төрағасы Мирзаев Тариверды Дамирович басшылық етеді. 

Күрд ұлттық-мәдени орталығы  1997 жылдың 9 тамызынан бастап  әділет басқармасында  заңды тұлға ретінде тіркелді.Орталықтың алғашқы төрағасы,ұзақ жылдар аудан орталығындағы  әл-Фараби орта мектебінің директоры болған ,ауданның құрметті азаматы Алиев Ибрагим Алиевич басқарған.Қазіргі таңда орталықты күрд тілі пәнінің мұғалімі Алиев Усен Ибрагимович басшылық етуде. 

Жалпы аудан орталығы Төле би ауылының негізін орыс переселендері – жер аударушылары 1905 жылы Воронеж губерниясынан көшіп келген Троцкий деген көпес бастаған орыстар қалаған. 

Әзербайжан, түрік  халық өкілдері 1940 жылдары Солтүстік Кавказдан депортацияландыру кезенінде шоғырланып Жамбыл облысы , Оңтүстік Қазақстан облысына әкелінген. Жалпы күрдтер 2,6%, түрік халқының саны 4,1  %, әзірбайжандар 2,5% аудан халқын құрайды. 

Күрді халқы 1923 жылы Солтүстік Әзербайжанда автономдық  «Қызыл Күрдістан » атты құрылым пайда болды. 1929 жылы был құрылым жойылды. Ал 1937- 1944 жылдар аясында Әзірбайжан мен Грузиядан Сталиннің бұйрығымен 40 мыңға жуық күрділер Орталық Азияға депортацияланған. Оның 20 мыңға жуығы Қазақстанға келді. Ең алғашқы көшіп келгендердің ішінде 6 жасар Алиев Ибрагим Алиевич те бар еді.  Күрділерді өз бауырындай қар салып, төрінен орын беріп, қолындағы нанымен бөлісіп, сол қиын – қыстау заманында ұлт ретінде сақтап қалған  қазақтың кен пейілдігі – деп Ибрагим атамыз әрқашанда мектептегі іс-шараларда көзіне жас алып таза қазақша бізге айтып отырады. Бұл үлкен ғибрат, көр естігеннен , бір көрген артық дегендей , халықтар достығының нақты кейіпкері арамызда отырып , өз аузынан естіген естеліктер ешқашан ұмытылмайды. 

Менің сыныбым көп ұлтты.Қазақтар, ұйғырлар,түріктер және күрд өкілі оқиды. Біз бір сыныпта тату тәтті оқып жатырмыз.Біз бір сыныпта  көп ұлт өкілдері оқығандықтан әр ұлттың салт-дәстүрін, тілін ,дінін  білеміз.Әсіресе күрд ұлтының салт-дәстүрлері мен жөн жоралғыларын жиі-жиі көріп жүрміз. 

Менің жобамның негізгі  басты мақсаты күрд халқының  мәдениеті, салт-дәстүрі, діні, тілі, болмыстық ерекшеліктері, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру  ортасын зерттеу . 

Қазақстандықтар тәуелсіздіктің өткен 25 жылы ішінде қоғамдық тұрақтылық ,ұлтаралық келісім мен жалпы қазақстандық патриотизм, ұлттық сәйкестілікті қамтамасыз етудің өзіндік үлгісін жасады. Президент айтып өткендей «Бұл қазақстандықтардың өзіндік жаңалығы,біз оны мақтан тұтып қорғай білуіміз қажет»Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық және дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 тан астам ұлт өкілдері 1000 ға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр.Ұлтаралық татулықты қалыптастырып отырған Қазақстан жеріндегі  әрбір ұлт өзін бақытты сезіну керек.Өйткені ,осы мазасыздау уақытта  қазақ жері олар үшін тыныштық аралы болып отыр.Олардың әрқайсысы ұрпақ  өсіріп, тілі мен мәдениетін,өз ұлтының өнерін,салт-дәстүрін үйреніп,сақтап,оны жаңартып өркендетуге және әрбір ұлт адамы үшін ең басты нәрсе -қауіпсіздіктің сақталуына кепілдік бар. 

Қазақстанның істегі тәжірбиесі біздің ұлтаралық қатынастармен мәдениет аралық үндесуге деген көзқарасымыздың ең сенімді көрсеткіші болып табылады. Осының нақты дәлелі ретінде әл-Фараби атындағы мектепте атқарылып отырған жұмыстарды атауға болады. 

Мектептегі оқушылардың басым бөлігі өзге ұлт өкілдерінен құралған. Атап айтатын болсақ 277 оқушы күрд  ұлты өкілі болып келеді. Тіпті менің өзімнің 7 «ә» сыныбымда бірінші сыныптан біргі оқып келе жатқан екі күрді сыныптасым бар, Гусейнов Камал және Алиев Фурко. 

  Мектеп білім алумен қатар әр кез мәдениет ошағы болыпта саналады. Оған нақты мысал ретінде  2017 жылы 1-наурыз  айында мектебімізде  Күрді ұлтының мәдениеті мен тарихына арналған кабинеттің  ашылу салтанаты болып өтті. Салтанаттың ашылуына Жамбыл облысының этномәдени орталығының төрағасы Саноев Хано Абдуллаевич.    Жамбыл облысы ардагерлер одағының төрағасы Алиев Ибрагим. Шу ауданы мәслихатынан  ішкі саясат  ұйымдарынан өкілдер келіп қатысты. 

 Осы кабинетте біз оқушылар   күрд халқының салт –дәстүрі,тілі, дінінен,  рухани ұстанымдары мен құндылықтарын насихаттауға арналған көрмелер, стендтер, ұлттық нақышты бейнелейтін киім үлгілері,музыкалық аспаптар, әдебиеттер тамашалай аламыз . Қандай ұқсастық барын анық байқауға болады. Стендтерге қарап ай мен күн атауларын , тіпті гүл атаулары да ұқсастығын байқауға болады. Осы кабинеттегі барлық құндылықтарды оқушылар бойына сіңіре отырып 1-11 сынып аралығындағы 262  оқушы ана  тілінде білім нәрімен сусындауда. Жалпы күрді тілі 1983 жылдан бастап оқытылып келеді. Ең алғаш А.С. Макаренко мектебі болып аталып, мектеп директоры , Қазақстан Республикасының білім беру үздігі Алиев Ибрагим Алиевич ең алғаш күрді тілінің мұғалімі болған. 

Ана тілін оқыту үрдісі ауданда түріктердің шоғырланып  орналасқан Қонаев ауылында Толе би орта мектебінде  де жүргізіледі. Жалпы саны   300 астам  2-9 сынып оқушылары аптасына екі рет өз ана тілдерінде білім алуда . Түркі тілің  Мавлюдова София Омаровна, және Кахриманов АнварбекЧахоевич  жүргізеді. Арнайы жабдықталған сынып, жеткілікті деңгейдегі әдебиет пен оқулықтармен оқушылар қамтылған. 

Тіл саясатының орындалуын алсақ  қазақ сыныптарында  24 күрд өкілі  қазақ тілінде білім алуда. 

Осы күнге дейін қазақ сыныптарында 20  жуық  жас буын мектеп табалдырығын аттап өз білімдерін  жоғарғы оқу орындарында қазақ тілінде жалғастыруда. 

Осының дәлелі ретінде мектебіміздің мақтанышы,білім өзаты ,ерекше  үлгідегі аттесттатқа бітірген Османова Жамиляны атауға болады. Османова Жамиля қазіргі таңда мемлекеттік тіл қазақ тілінде   «Л.Гумелев » атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің «Экология» мамамандығының  ІІ – курс студент, оқу озаты. Төрт тілді еркін меңгерген нағыз заман талабына сай жас буын. Ана тілі күрді тілі, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. Көп тілді топта дәріс алуда.2018 жылы  жаңа жыл қарсаңында   Жамиля елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың арнайы шақырылуымен қабылдауында болып, елбасымен жүздесіп қайтты. Өзінің арманымен бөлісіп қайтты. 

Келешекте «Эколог» маманы болып өз туған жеріне,  шуақты Шудағы ашылатын химиялық зауыттардың өркендеуіне, өз үлесімді қосамын деп жоспарлауда. 

Жыл сайын мекетпте өтетін «Тіл мерекесі» барысында ерекше белсендікпен күрд тілініде іс-шаралар көптеп өтеді. Ағымды жылы  «Күрд халқының әдет-ғұрыптары» музыкалық-сазды бағдарламаны күрд тілі мұғалімі Исаева М.Б өткізді. .Іс-шара  барысында 7 сынып оқушылары күрд тілінде тақпақ айтып, жаңылтпаштар, өлеңдер айтып ,нәрестенің қырқыннан шығару дәстүрін көрсетілді. 

Көпұлтты Қазақстан халқының ынтымағын жарастыру мақсатында Шу аудандық «Мәңгілік ел» тәрбие және білім беру орталығының  ұйымдастыруымен «1-наурыз  Алғыс айту»   күніне байланысты  көрші ауыл Қорағаты  ауылдық округіне қарасты Мойынқұм ауылының Мойынқұм орта мектебінде мерекелік концерт өткізіп қайтты.  Концерт барысында қазақ , күрді, орыс халықтарының әндері, билері шырқалып ,көпұлтты Қазақстан халықтар достығын нығайтуға септігін тигізіді деп ойлаймын. 

Біздің аудандық газет Шу өңірінің әрбір санының маңдайшасында жазылған  тақырыбы да «Татулықтан артық  тағылым жоқ» деп жазылып, ауданымыздағы бүкіл ұлт өкілдерін ынтымаққа, татулыққа шақырып тұр. 

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында мектебізде тұған өлкенің тарихын білу мақсатында  шу ауданының картасы жасалып, көрнекті жерлердің, тарихи ескерткіштердің суреттері бар стендтер жасалды. Туған өлке тарихы атты дөңгелек столдар, жарыстар, баяндамалар жасалып оған мектебіміздегі бар ұлт өкілдері қатысып, өз ұлттарының тарихын, батырлары туралы көптеген мәліметтермен бөлісті.Жаңашыл бастаманы мектеп ұжымы «Бір атаның баласындай , бір қолдың саласындай» қоштап нәтижелі әрі үлгі болатындай жұмыс жасап отыр. 

Елбасы Н.Ә.Н азарбаев еліміз тәуелсіздікке қол  жеткізген алғашқы жылдарынан бастап,этносаралық татулық пен келісімді сақтауға,дамытуға,олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды. 

Білектің күші, найзаның ұшымен емес, нағыз білім мен мәдениетің , өркениеттің бәсекесі  басталған  бүгінгідей дәуірде өзінің азаттығына қол жеткізгін Қазақ еліне ынтымақ пен бірліктің идеясы қажет болды. Татулықтың тұлғасы мен бірліктің бесігі болған Қазақстан бүгін өзінің  халықтарының бірлігінің арқасында БҰҰ ұйымында бүкіл әлемді өзіне қаратып, бар әлемнің қауіпсіздігіне кепіл етіп төрағалық етіп отыр. Бұл ең үлкен мәртебе мен елімізге  көрсеткен құрмет деп білемін. 

Әрбір жас жүрекке, әр ұлт өкілдеріне өзінің туған Отаны – Қазақстанда білім алып, өз ана тілдерінде сөйлеп, салт – дәстүрлерін ұмытпай, биік армандарының орындалуына үміт ұялатқан біздің көшбасшымыз, Елбасымызға үлкен рахмет! 

  

  

  

Мақсаты: 

1.Қазақстандық компонентті қосымша  қамту  негізінде ұлтаралық келісімін ,қажеттілігін дәлелдеу және қалыптастыру жолдарын ұсыну. 

2.Ұлтаралық қақтығыс зардаптарын сипаттайды және шешу жолдарын ұсынады. 

3.Қазақстанның этносаралық келісімге қосқан үлесіне баға беру.