"Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі" атты әдеби сазды кеш
9 ақпан күні Әл-Фараби атындағы орта мектебінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай "Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі" атты әдеби сазды кеш өтті. Кеш ақынның ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге бағалай білуге, сыршыл да сыншыл ақынның өлеңдерінің мәнін ұғынуға, рухани танымын кеңейтуге бағытталды. Оқушылар ақынның өлеңдерін нақышына келтіре орындап, жырдан шашу шашып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, кеш қызықты да тартымды өтті.