Мұғалімдер мерекесі
1 қазан күні мектебімізде дәстүрлі мұғалімдер мерекесі ұйымдастырылды. Мерекеге мектебіміздің ардагер ұстаздары шақырылды. Атап айтар болсақ, Досымбек Р.А. Наджибова З.М. Мұғалімдер күні өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 9 А және 9 Ә сынып оқушылары әдеби музыкалық композиция қойып, әндер айтты, билер биледі, мұғалімдер өмірінен қызықты қойылымдар көрсетті. Мектеп директоры Е.А. Нетаева бастаған мұғалімдер ұжымы ардагер ұстаздармен бірге мектеп ауласында күздік ағаштарды отырғызды.