«Тіл халықтың мұрасы» атты ұлттар фестивалі
13 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесінің аясында «Тіл халықтың мұрасы» атты ұлттар фестивалі болды. Фестивальге қазақ, орыс, түрік, ағылшын және күрд ұлтының өкілдері қатысты. Ұлттар фестивалі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әр ұлттың өкілдері көрермендерді өз халықтарының салт дәстүрлерімен, өнерімен, билерімен таныстырды. Бұл іс шара Қазақстанды мекендейтін ұлттардың достығын, татулығын, бірлігін көрсетті.