«XXI-ғасырдағы Қазақстандық ата- ана: өз балаңа үлгі бол» атты ата -ана конференцисы туралы » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «XXI-ғасырдағы Қазақстандық ата- ана: өз балаңа үлгі бол» атты ата -ана конференцисы туралы
22
сентябрь
2018

«XXI-ғасырдағы Қазақстандық ата- ана: өз балаңа үлгі бол» атты ата -ана конференцисы туралы


2018 жылдың  22- қыркүйегінде  Әл- Фараби атындағы  орта мектепте   «XXI-ғасырдағы Қазақстандық ата- ана: өз балаңа үлгі бол» атты ата -ана конференцисы 5,6, 7- сынып оқушыларының ата аналарының арасында өтті. Конференцияның мақсаты  ата аналарға  педагогико-психологиялық  көмек көрсету болып табылады.   Конференцияға 5, 6, 7-сынып оқушыларының ата -аналары қатысты.  Барлығы 50  ата- ана қатысты.  Бірінші болып мектеп директоры  Е.А. Нетаева сөз алды. Мектеп директоры  ата- аналар мен конференцияға қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, конференцияның жұмысына табыс тіледі.  

Сөз кезегін шақырылған қонақтар жалғастырып отырды: 

Нұр Отан партиясының өкілі Жаникулова З.М.  ата -аналардың алдында сөз сөйледі.  .  Ол өз сөзінде мемлекеттің оқушыларға көрсетіп жатқан көмегі туралы айтты.

         Шу аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметкері аға лейтенант  Топашев Нұрлан Советханұлы  балалардың тәртібі жөнінде және кешкі уақытта балалардың ата анасыз жүрмеуін  айтты. Балардың интернет желісін дұрыс пайдаланып жүргенін қадағалау керегін  айтты. 

         Мектеп психологы Амреева  С.С.   орыс сыныбында оқитын оқушылардың ата аналарына конференцияның тақырыбыны байланысты  жұмысын бастап, слайд арқылы  психологиялық   кеңесін бастап кетті.  Ол өз сөзінде; жасөспірім   жастың психо-физиологиялық ерекшеліктері және бала мінез құлығындағы олардың көріністерін, жасөспірімдермен қалай жақсы байланыс орнатуға болатыны туралы айтты.  Сауатты тәрбиенің 12 ережесі, кәмелетке толмағандардың суицидтік (ауто деструктивті) мінез құлқының алдын алу тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

 Мектеп психологы Касымбекова М.Ж. қазақ тілінде конференцияны жалғастырып, келесі тақырыптармен жұмыс жүргізді.

Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту; бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығын ата аналарға түсіндіріп, слайд арқылы көрсетті.

         Келесі мәселе  мектеп ортасына деструктивті діни ағымдарды  енгізудің алдын алу шаралары жайлы болды.  Мектепке әр түрлі  діни ағымдағы киімдеррді киюге қатаң тиым салынғаны туралы айтты.  Қазіргі кезде бұл мәселеге үкімет те баса назар аударып отыр.

         Мектеп психологы Қасымбекова М.Ж. жасөспірімдер ортасында девианттық мінез құлықтың алдын алу тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Конференция тақырыптарына байланысты слайдтарды  көрсетіп, өз сөздерін   дәлелдеп отырды.

Конференцияны мектеп директоры Е.А. Нетаева қорытындылады. Конференция  жұмысы  жоғары деңгейде өтті.