Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат
04
апрель
2019

Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат

Әл –Фараби атындағы орта мектептің ұстаздары мен оқушылары көктемгі демалыс кезінде , яғни  2019 жылдың 29 сәуір күні    Рухани  жанғыру бағдарламасы бойынша  Түркістан қаласының киелі  жерлеріне барып қайттық.  Тарих пәні мұғалімдері   Дунаев Х.А. Тайшабарова А.С. мен география пәні  мұғалімі    Тургумбаева А.К. оқушыларға киелі қасиетті  жерлердің тарихы туралы айтты. Оқушылар мен ұстаздар Арыстан  баба және Гаухар ана мавзолейіне барды. Содан кейін Қожа Ахмет Яссауидің мавзолейіне және мешітіне барып, көптеген  қасиетті  жерлерді аралады.  Қожа Ахмет Яссауи мавзолейіндегі Абылай ханның  жерленген жерін, тай қазанды, көптеген тарихи экспонаттарды тамашалады.  Бұрынғы заманғы асхананы, моншаны  өз көздерімен көрді. «Қылует» жер асты мешітіне  барып, сол Қожа Ахмет Яссауидің тарихы туралы көп мағлұмат алды.     Оқушылар мен ұстаздар бұл  сапардан өте үлкен әсер алды.