Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш. » Әл-Фараби атындағы орта мектеп
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Әл-Фараби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 31789
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш.
06
октябрь
2018

Ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш.

  5 қазан күні  Әл-Фараби атындағы орта мектебінде ұстаздар күніне орай  оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу мақсатында  7 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері С.Н.Рахимбаева мен Х.А.Дуневтың ұйымдастыруымен   «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!»  атты әдеби- сазды мерекелік кеш өткізілді.
Мерекелік кешті  мектеп директоры Нетаева Ельмира Аягановна ашып,  мектеп ұжымы мен мерекеге арнайы шақырылған , осы мектепте ұстаздық қызметін атқарып, құрметті демалысқа шыққан ардагер ұстаздарымыз :Алиев  Ибрагим Алиевич,Алиева Горчак  Алиевна ,Досымбек Райхан Альмухаметовна , Наджибова Зухра Махаматовналарды  төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады.Мектепке сіңірген еңбектері үшін  бірқатар мұғалімдерге мақтау қағаздармен марапаттап,гүл шоқтарын табыс етті.Ұстаздарымызға оқушыларымыз ән-жырдан шашу шашып, мерекелік кешті қызықты да тартымды өткізді.